01.08.2017, 19:46 4916

Талдықорған қаласында КСРО және Қазақстанныӊ Халық әртісі Асанәлі Ишімовпен кездесу өтті

Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Еӊбек Ері, КСРО және Қазақстанныӊ Халық әртісі, театр және кино актері, режиссер Асанәлі Ишімовпен кездесу өтті.

Талдықорған. 1 тамыз. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Еӊбек Ері, КСРО және Қазақстанныӊ Халық әртісі, театр және кино актері, режиссер Асанәлі Ишімовпен кездесу өтті. Кездесу "Рухани жаӊғыру" бағдарламасына орай еліміздіӊ айтулы тұлғаларымен, мәдениет және өнер қайраткерлерімен өткізілетін "Жетісудағы жүздесу" жобасыныӊ аясында ұйымдастырылды.

Биыл өнер тарланы Асанәлі Ишімов 80 жасқа толды. Осы мерейтой аясында облыс басшылығы жетісулықтармен кездесуге А. Ишімовті арнайы шақырып, құрмет көрсетті.

Алдымен 80 жылдық мерейтойға арнап түсірілген "Сыр тұнған Айсберг" атты деректі фильм көрсетілді. Фильмде актердіӊ өмірі мен шығармашылығы қатар өріліп берілген. Өмірдіӊ сан қилы белестері, қиындықтары мен қызығы, үміт пен сенім, қажыр мен қайрат - жүріп өткен баспалдақтарыныӊ барлығы да көрерменніӊ көз алдынан тізбектеле өтті.

Мұнан соӊ көпшіліктіӊ ыстық ықылас, қол шапалақтауымен сахнаға көтерілген Асанәлі Ишімов жетісулық қауымға ризашылығын білдіріп, өмір туралы, өнер туралы ішкі толғамдарымен бөлісті. Сахнаға шыққан актердіӊ жары Бағдат, қызы Сағина мен ұлы Асанәлі де аты аӊызға айналған талант иесініӊ қамқор отағасы, ардақты әке ретіндегі болмысына сөз арнады.

Кеш соӊында облыс әкімі Амандық Баталов өзініӊ Алматы қаласында құрылыс саласында еӊбек етіп, "Қазақфильм" киностудиясын тұрғызған кездегі Асанәлі Ишімовпен алғаш кездескен сәттерінен естелік айтты.

- Сізді қазақ театр және кино өнерініӊ мэтрі деп мақтанышпен айтамыз. Жетісу жұртшылығыныӊ сізге деген ықыласы бөлек. Қайталанбас қолтаӊбаӊызды бағамдау, өнердегі баспалдақтарыӊыз, өмірлік тәжірибеӊіз қоғам үшін, кейінгі жас буын үшін аса қажет. Сондықтан мұндай кездесулердіӊ маӊызы зор деп есептеймін. Қазақ өнеріне қызмет ете беріӊіз. Жасыӊыз жүзге жетсін! - деді А. Баталов.

Мұнан соӊ абыз ақсақалдыӊ иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.

Кездесу соӊында жұртшылық Асанәлі ақсақалмен емін-еркін тілдесіп, қолтаӊба алып, естелікке суретке түсті.

Айта кетейік, облыста 558 мәдениет және мұрағат объектілері бар, оныӊ ішінде 267 - кітапхана, 243 - мәдениет үйлері мен клубтар, 21 - мұражайлар, 2 - сурет галереясы, драма театы, облыстық филармония, "Алатау әуендері" МКҚК, облыстық халық шығармашылығы және тарихи-мәдени мұраны қорғау орталықтары, 2 - бейне мобильдер және 18 - мұрағат.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны