14.09.2009, 17:33 2561

Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде өрттен қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңгеден материалдық көмек көрсетіледі

Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде өрттен қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңгеден материалдық көмек көрсетіледі

Талдықорған. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде өрттен қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Осындай шешім бүгін Алматы облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Депутаттар наркологиялық диспансерде қаза тапқан науқастардың отбасыларына 1 млн теңгеден материалдық көмек көрсетуге дауыс берді. Сондай-ақ, оларды жерлеу рәсіміне де қаржы бөлу ұйғарылды. Бірақ бұл қаржының көлемі анықталған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны