08.07.2018, 23:45 4307

Талдықорғанда "Астана" даӊғылы салтантты түрде ашылды

Астананыӊ 20 жылдығына орай Алматы облысыныӊ орталығы Талдықорған қаласында Астана даӊғылы пайда болды.

Талдықорған. 8 шілде. Kazakhstan Today - Астананыӊ 20 жылдығына орай Алматы облысыныӊ орталығы Талдықорған қаласында Астана даӊғылы пайда болды. Сонымен қатар осы күні аса көрнекті қазақ тарихшысы Қадырғали Жалаиридыӊ, Еӊбек Ерлері Бәйкен Ишімов пен Зылиха Тамшыбаевныӊ атына көшелер берілді. Бұл салтанатты рәсімдер облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ қатысуымен өтті, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Алдымен Қадырғали Жалаири даӊғылын ашудан басталған шарада облыс әкімі А. Баталов өӊір зиялыларымен және ардагерлер қауымымен бірге қаланыӊ жаӊа шағын ауданынан Б. Ишімов пен З. Тамшыбаеваныӊ атына берілген көшелерге және қаланыӊ кіреберісінде жаӊадан орнатылған арканға да атбасын бұрды. Сондай-ақ Астана даӊғылыныӊ ашылу салтанатына қатысып, даӊғылдыӊ лентасын ардагерлермен және Астанамен құрдас жастармен бірге қиды. Өз құттықтауында облыс әкімі Астана күнін мерекелеудіӊ маӊызына қысқаша тоқталып өтті.

- Осындай атаулы мереке қарсаӊында облыс аумағында көптеген іс-шаралар өткізілуде. Сондай шараныӊ бірі, бүгінгі Елордамыз - Астананыӊ 20 жылдығы қарсаӊында "Астана" даӊғылыныӊ салтанатты ашылуы болып отыр. Сонымен қатар, ұлы тұлғаларымыздыӊ ұлағатты еӊбегі мен ерлікке толы ерен істерін әспеттеу мақсатында, ғұлама тарихшы Қадырғали Жалайыри даӊғылы, Еӊбек Ерлері Бәйкен Ишімов пен Зылиха Тамшыбаеваныӊ құрметіне көше аттары берілді, - дей келе А. Баталов олардыӊ есімі мен елге сіӊірген қызметін есте сақтаудыӊ жарқын үлгісі болатынын атап өтті.

Облыстағы зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қала тұрғындары қатысқан салтанатты жиында Талдықорған қалалық ардагерлер кеӊесініӊ төрағасы М. Халық, Бәйкен Ишімовтіӊ ұлы О. Ишімов, Зылиха Тамшыбаеваныӊ қызы С. Тоқсанбайқызы сөз алып бүгінгі атқарылып отырған тағылымды іске ризашылықтарын жеткізіп, көпшілікті Астана мерекесімен құттықтады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны