05.11.2012, 17:01 2949

Талдықорғанда КО аясында бизнесті дамыту мәселесі талқыланады

Талдықорғанда "Бірыңғай экономикалық кеңістік: Ашық диалог" кезекті аймақтық форумы өтеді, деп хабарлайды ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 5-қараша. Kazakhstan Today - Талдықорғанда КО аясында бизнесті дамыту мәселесі талқыланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Талдықорғанда "Бірыңғай экономикалық кеңістік: Ашық диалог" кезекті аймақтық форумы өтеді, деп хабарлайды ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, 2012 жылға 6 қарашада Талдықорғанда "Бірыңғай экономикалық кеңістік: Ашық диалог" кезекті аймақтық форумы өтеді. Шараны ҚР ЭДСМ жанындағы "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Алматы облысының әкімдігімен бірлесе отырып өткізеді.

Форум жергілікті бизнесті Кедендік одақ аясында дамытудың барлық мәселелерін ашық талқылауға мүмкіндік береді. Шараға Алматы облысы кәсіпорындарының, ҚР ЭДСМ, Ресей Федерациясы сауда-өнеркәсіп палатасының, сондай-ақ жергілікті басшылық органдарының өкілдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны