13.04.2017, 15:39 6292

Талдықорғанда тұӊғыш рет "Білім. Бизнес. Кәсіп" I Халықаралық форумы өтті

Талдықорғанда тұӊғыш рет "Білім. Бизнес. Кәсіп" I Халықаралық форумы өтті. Форумныӊ басты мақсаты - заманауи еӊбек нарығыныӊ талаптарына жауап беретін дуальді оқытуды енізу және бизнестіӊ әлеуметтік әріптестігі арқылы адами капиталды дамыту. Пленарлық отырыстыӊ ашылуында облыс әкімі Амандық Баталов кіріспе сөз сөйледі.

Талдықорған. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Талдықорғанда тұӊғыш рет "Білім. Бизнес. Кәсіп" I Халықаралық форумы өтті. Форумныӊ басты мақсаты - заманауи еӊбек нарығыныӊ талаптарына жауап беретін дуальді оқытуды енізу және бизнестіӊ әлеуметтік әріптестігі арқылы адами капиталды дамыту. Пленарлық отырыстыӊ ашылуында облыс әкімі Амандық Баталов кіріспе сөз сөйледі.

Облыс басшысы Амандық Баталов "Білім. Бизнес. Кәсіп" форумын өткізудіӊ міндеттері туралы айта келе, шараға барлық мүдделі тараптардыӊ қатысуы экономиканыӊ түрлі секторлары үшін кадр даярлаудыӊ өзекті м?селелерін талқылауға, сол сияқты мемлекеттіӊ басым жобаларын, шағын ж?не орта бизнесті кадрмен қамтамасыз етудегі ?ріптестіктіӊ нақты механизмдерін айқындауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мұнан кейін облыс әкімі кәсіби білім беруді дамытудыӊ маӊыздылығына тоқталып:

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев өзініӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына Жолдауында жаӊа кәсіпорындарға мамандар даярлау үшін кәсіби білім беру жүйесін дамытуға тыӊ серпін беру қажеттігін атап өткен еді. Осы орайда "Тегін кәсіби техникалық білім баршаға" жобасын жүзеге асыру басталды. Бұл өз кезегінде жастарды жұмыспен, ал өндірісті білікті кадрлармен қамтуға мүмкіндік береді, - деді Амандық Баталов.

Форум қатысушылары тәжірибеде апробациядан өткен білім мен бизнестіӊ тиімді әріптестігініӊ заманауи тәсілдері туралы баяндады. Германиялық әріптестер - техникалық серіктестік жөніндегі герман қоғамы өкілдігініӊ басшысы Райнер Гертц ж?не Трир қаласыныӊ Ремеслолық палатасыныӊ үйлестірушісі Альберт Овер халықаралық тәжірибелерімен бөлісіп, Қазақстандағы дуальды оқыту тәсілдері туралы айтты.

Экономиканыӊ түрлі салаларына дуальды оқыту жүйесін енгізу және осы істі ұйымдастыру мәселелеріне қатысты Орталық Азиялық университетініӊ үздіксіз білім беру мектебініӊ директоры Гүлнар Жунашалиева өз пікірін білдірді. Шонжы политехникалық колледжімен әріптестік байланыстағы "КазРосАгро" ЖШС директоры Амангелді Мүслім осы саладағы тәжірибесімен бөлісті.

Алматы облысында қарқынды дамып келе жатқан туризм саласы да назардан тыс қалған жоқ. Туризм индустриясына кадр даярлау жүйесін жетілдіру туралы Қазақстан туристік қауымдастығыныӊ директоры Рашида Шайкенова хабарлады.

Бүгінгі еӊбек нарығында сұрансқа ие кәсіби мамандарды дайындаудыӊ өзге де өзекті мәселелері туралы форумныӊ қатысушылары кеӊінен әӊгімеледі. Білім мекемелері дәл қазір облыс экономикасы қандай кадрларды қажетсініп отырғанын білуі қажет. Ал кәсіпорындар өз тарапынан жас мамандардыӊ тәжірибеден өтіп, машығын қалыптастыруға қолдау көрсетуі тиіс. Форум жұмысыныӊ қорытындысында қатысушылар кәсіби мамандар дайындау дегеніміз сапалы біліммен қатар тәжірибеніӊ толысуы екенін ашып айтты.

Шараныӊ модераторы болған облыс әкімініӊ орынбасары Жақсылық Омар форумды қорытындылады. Ж. Омар білім саласы мен бизнестіӊ серіктестігі айқын екенін, бүгінгімен байланыс шектеліп қалмауы керектігін, облысты білікті мамандармен қамтамасыз ету үшін өзара бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін айтты.

- Облыс әкімініӊ тапсырмасына сәйкес жұмысты бірнеше бағытта жүргізуіміз қажет. Атап айтқанда, дуальді оқытуды дамыту мен жастарды жұмысқа орналастыру ісін тиянақты атқаруға тиіспіз. Исіресе, студенттердіӊ кәсіпорындардан тәжірибеден өтіп, оқытушылардыӊ кәсіпорындар базасында тағылымдамадан өтуіне ерекше назар аударылады, - деді Жақсылық Омар.

Форум соӊында облыс әкімі Амандық Баталов 2017 жылда серіктестік байланыстардыӊ көшбасшысы болған облыстағы бірқатар өнеркәсіп орындарын Құрмет грамотасымен марапаттады.

Жалпы, облыстық білім басқармасы Алматы облысыныӊ Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп дуальді оқытуды енгізудіӊ республикалық жол картасын әзірледі. Оған облыстыӊ 37 мамандық бойынша кадр даярлайтын 24 колледжі енген. Өӊірдегі 124 кәсіпорынмен келісімшарт жасалып, соныӊ нәтижесінде дуальді оқытумен мыӊнан астам студент қамтылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны