28.10.2015, 21:07 4353

Талдықорғанда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Бүгін сағат 17:05-те Алматы облыстық ТЖД өртке қарсы қызметініӊ кезекшілік бөліміне Талдықорған қаласында бағдарлы автобустыӊ өртеніп, жарылғаны туралы хабарла келіп түскен

Талдықорған. 28 Қазан. Kazakhstan Today - Бүгін сағат 17:05-те Алматы облыстық ТЖД өртке қарсы қызметініӊ кезекшілік бөліміне Талдықорған қаласында бағдарлы автобустыӊ өртеніп, жарылғаны туралы хабарла келіп түскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Облыстық ТЖД-ныӊ хабарлауынша, оқиға орнына шұғыл жағдайда өрт сөндіру қызметі жіберілді. Жол полициясыныӊ қызметкерлері автобус өртенген аумақты қоршауға алды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

№4 бағдарлы автобустыӊ жүргізушісі салонда болған 25 жолаушыны қауіпсіз жерге шығарып үлгерді, олардыӊ ешқайсысы жараланған жоқ.

Ведомствоныӊ ақпаратынша, көлік құралы электр сымдарыныӊ тұйықталуы себебінен өртенді. Өрт бірден сөндірілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны