06.01.2016, 10:53 5137

Танымал актер Меӊтай Өтепбергенов қайтыс болды

Бүгін Алматыда Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген әртісі Меӊтай Өтепбергенов көз жұмды, деп хабарлайды "Қазақфильм" киностудиясыныӊ баспасөз қызметінен

Астана. 6 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген әртісі Меӊтай Өтепбергенов көз жұмды, деп хабарлайды "Қазақфильм" киностудиясыныӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Меӊтай Смағұлұлы Өтепбергенов 1946 жылы 7 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы Беген ауылында дүниеге келген. Мәскеу цирк училищесін, Сергей Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтын тәмамдаған. Актер, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген мәдениет қайраткері, кино әртісі, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген әртісі, Қазақстанда пантомимо өнерін қалыптастырушы, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жерлеу рәсімі бейсенбі, 7 қаӊтар күні өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны