03.04.2018, 14:57 4203

"Таӊсәрі" фильмі Мәскеу халықаралық кинофестивалініӊ негізгі конкурсына іріктеліп алынды

Иділхан Ержановтыӊ "Таӊсәрі" толықметрлі көркем фильмі 2018 жылы сәуірдіӊ 19 мен 26 аралығында Ресей астанасы Мәскеуде өтетін 40-шы Мәскеу халықаралық кинофестивалініӊ негізгі конкурсына іріктеліп алынды

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген, режиссер Иділхан Ержановтыӊ "Таӊсәрі" толықметрлі көркем фильмі 2018 жылы сәуірдіӊ 19 мен 26 аралығында Ресей астанасы Мәскеуде өтетін 40-шы Мәскеу халықаралық кинофестивалініӊ негізгі конкурсына іріктеліп алынды.

- Меніӊше, бүгінгі әлемде болып жатқан дүниелерді мифологиялық ойлау арқылы ғана нақты түсіндіруге болады. Рационализмніӊ ендігі қажеті шамалы. Жаӊа кинематографтыӊ архетиптік күші - фольклор негізінде жатыр. Біздіӊ мәдениет министрлігі авторлық киноға қолдау көрсетіп отырғанына қуанамын, негізі солай болуға тиісті. Меніӊ шығармашылығыма түсіністікпен қараған министрлікпен ынтымақтастықты жалғастыра берем, өйткені меніӊ фильміме цензуралық шектеу қойылған жоқ, - деді фильмніӊ режиссері Иділхан Ержанов.

Халықаралық Мәскеу кинофестивалініӊ негізгі конкурсына қазақстандық фильмнен басқа 14 фильм іріктелген, олар: "12-ші адам" (реж. Харальд Цварт, Норвегия), "Солдат естелігі" (реж. Ким Джэхан, Корея), "Гаспар тойға барады" (реж. Антони Кордье, Франция), "Ашу" (реж. Серхио Трефо, Португалия), "Леонныӊ жылы" (реж. Мерседес Лаборде, Аргентина), "Адасқандар" (реж. Дастин Финели, Жаӊа Зеландия), "Бүркеу астындағы Неаполь" (реж. Ферзан Оцпетек, Италия), "Офелия" (реж. Клер Маккарти, США), "Ричард тозаққа қарай бет алды" (реж. Роберта Торре, Италия), "Айтары бар адам" (реж. Янис Нордс, Латвия, Польша, Литва), "Табандылық" (реж. Рашид Маликов, Өзбекстан), "Халеф" (реж. Мұрат Дюзгюноглу, Түркия), "Патша-құс" (реж. Эдуард Новиков, Ресей), "Ню" (реж. Ян Гэ, Ресей).

Ал халықаралық байқаудыӊ құрамына режиссёр Анна Меликян (Ресей), продюсер Паоло Дель Брокко (Италия), актёр Джон Сэвидж (АҚШ) және қытайлық режиссёр Лян Цяо кірді.

Сонымен қатар аталған фестивальдіӊ "Шеберлер" бағдарламасында "Қазақфильм" киностудиясыныӊ қатысуымен, отандық режиссер Серік Апрымов түсірген "Икеге қоӊырау шалу" атты фильм көрсетілетін болады. Естеріӊізге сала кетсек, бұл картина Қазақстан киносыншылар қауымдастығы ұйымдастырған "Сыншылар таӊдауы" киножүлдесінде екі бірдей жүлдеге - "Үздік режиссер" және "Екінші пландағы үздік ер адам рөлі" (актер Ерболат Оспанқұловқа табысталды) қол жеткізді. Одан бөлек, аталған туынды Ресейдіӊ "Ника" атты киножүлдесіне үміткер болған.

Айта кетелік 40-шы МХКФ "Оскар" жүлдесін үш мәрте иеленген Швед режиссері Ингмар Бергманныӊ 100-жылдығына орай, оныӊ шығармашылығына арналған үлкен ретроспектива өтеді. Сонымен қатар, фестиваль аясында "50 жылға парапар екі апта" атты Канн секциясы фильмдерініӊ көрсетілімдері өтпек.

40-шы Мәскеу халықаралық кинофестивалініӊ ашылу салтанатында режиссер Ферзан Оцпетектіӊ "Бүркеу астындағы Неополь" атты триллері көрсетіледі деп жоспарлануда.

Мәскеу халықаралық кинофестивалі - әлемдегі еӊ ескі фестивальдердіӊ бірі. Оныӊ негізі 1935 жылы қаланып, сол жылы Сергей Эйзенштейн қазылар алқасын басқарған. Бұл "А" санатындағы беделді фестиваль. МХКФ бағдарлама директоры мәдениеттанушы Кирилл Разлогов, іріктеу комиссиясын ресейлік режиссер Андрей Плахов басқарады. МХКФ президенті ресейлік режиссер, актер, Ресей Федерациясыныӊ Халық артисі Никита Михалков. Айта кетсек, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы әр жылдары түсірген фильмдері Мәскеу кинофестивалінде байқаудан тыс көрсетілген болатын. Мысалы, 2016 жылы Ақан Сатаевтыӊ "Анаға апарар жол" фильмі, 2012 жылы Дәрежан Өмірбаевтыӊ "Студент" фильмі, ал 2011 жылы режиссер Ғазиз Насыровтыӊ "Гәкку" фильмі көрсетілді. Сондай-ақ, фестивальдыӊ негізгі байқауына Абай Қарпықовтыӊ "Фара" фильмі қатысып, Имір Қарақұлов түсірген "Разлучница" фильмі 1991 жылы фестивальдіӊ арнайы жүлдесіне иеленген. Сол жылдары байқаудыӊ қазылар алқасы құрамында режиссер Шәкен Айманова (1963), режиссер Толомуш Океев (1973), жазушы Олжас Сүлейменов (1981), актриса Гүлнәр Дұсматова (2009), режиссер Ермек Шынарбаев (2011) болған.

Фильм жайлы: Фильмніӊ басты кейіпкері - өзін таппай жүрген, шаршау, бітпейтін аяздан үркіп қалған шляпалы ер адам. Кейіпкер өмірін қорқумен өткереді. Қандайда бір құдай - мүмкін түн құдайы - оныӊ және басқа әлеуметтіӊ үсітен ылғи да бақылап тұрғандай көрінеді және бұндай сезімдерді ата-бабалары басынан өткерген деп пайымдайды. Бұныӊ түбінде мистикалық негіз бар.

Өндірісі: Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ

Жанры: Драма

Тілі: орыс және қазақ тілінде

Сценарий авторы және қоюшы режиссері: Иділхан Ержанов

Қоюшы операоры: Едіге Несіпбеков

Қоюшы суретші: Ермек Өтегенов

Продюсері: Серік Ибішев

Рөлдерде: Б.Жұманов, А.Тұрғанбаева, Е.Ержанов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны