22.04.2016, 13:49 4358

Тараз маӊында КамАЗ екі велосипед жүргізушісін қағып кетіп, біреуі ажал құшты

Бүгін таӊертеӊ Тараз қаласы және Жамбыл ауданына қарасты Айша бибі ауылы арасындағы тас жолда жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлады Жамбыл облыстық прокуратурасынан

Тараз. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін таӊертеӊ Тараз қаласы және Жамбыл ауданына қарасты Айша бибі ауылы арасындағы тас жолда жол-көлік апаты орын алды, деп хабарлады Жамбыл облыстық прокуратурасынан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Спорттық велосипедшілер клубыныӊ екі мүшесі және КамАЗ трассада бір бағытта Айша бибі ауылына қарай жүріп келе жатқан, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

КамАЗ жүргізушісініӊ сөзіне қарағанда, ол алда келе жатқан көліктен озбақ болып, велосипедшілерді байқамай қағып кеткен. Олардыӊ бірі - 1998 жылы туған жасөспірім қаза тапты. Екіншісі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазір оныӊ жағдайы орташа", - деді Жамбыл облыстық прокуратурасыныӊ 1-басқармасыныӊ аға прокуроры Абырой Азаматов.

Бақылау органыныӊ өкілі жүк көлігініӊ жүргізушісі оқиға орнында болып, "жедел жәрдем" мен полицияны өзі шақыртқан.

"Атап өту керек, балалар Тараз велосипедшілер клубында жаттығады. Ережелер бойынша, жаттығу үшін автотрассаға бапкерлерімен бірге шығуы тиіс. Жалғыз шыққан олар бұл ережені бұзды", - деді А. Азаматов.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны