11.03.2010, 18:32 2989

Таразда дауыл салдарынан бір әйел зардап шекті, жел ағаштарды құлатып, ғимараттардың шатырларын жұлып әкетуде

Таразда дауыл салдарынан бір әйел зардап шекті, жел ағаштарды құлатып, ғимараттардың шатырларын жұлып әкетуде

Тараз. 11 наурыз. Kazakhstan Today - Таразда дауыл салдарынан бір әйел зардап шекті, жел ағаштарды құлатып, ғимараттардың шатырларын жұлып әкетуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Құтқару қызметінің хабарлауынша, Тұрар Рысқұлов атындағы саябақта әйелдің басына темір зат құлаған. Зардап шеккен әйел ауыр жағдайда жедел жәрдем ауруханасында жатыр.

Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Сәуле Иріпбаеваның хабарлауынща, "күшті жел екі мектептің шатырын және балабақшаның шатырын жартылай жұлып әкетті. Сондай-ақ, бір жай үйдің шатыры толық жұлынды. Қалада бұл дауыл электр жалғастыру желісіне зақым келтіріп, бірнеше электр жалғастыру бағандары мен ағаштар құлады".

Облыстық ТЖД хабарламасына сәйкес, бүгін таңертең Қазгидрометтен 11 наурызда Жамбыл облысының кей жерлерінде жел соғады, желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге, ал күндіз батыстан соққан желдің екпіні 35-40 метр/секундқа дейін жетеді деген телефонограмма келген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны