08.05.2008, 14:19 3013

Тараздың ардагерлер делегациясы Жеңіс күнінің мерекелік шараларына қатысу үшін Санкт-Петербургке жол тартты

Тараздың ардагерлер делегациясы Жеңіс күнінің мерекелік шараларына қатысу үшін Санкт-Петербургке жол тартты

Тараз. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл делегациясы құрамына кірген 15 ардагер Жеңіс күнінің мерекелік шараларына қатысу үшін Санкт-Петербургке жол тартты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Сапардың алдында оларды Жамбыл облысының әкімдігінде құттықтап, жолға шығарып салды. Кейбір ардагерлер үшін бұл әскери жылдардан кейінгі екінші сапар болады.

Мерекелік бағдарламада қазақстандық ардагерлердің Санкт-Петербургтегі салтанатты шеруге қатысуы, жергілікті билік өкілдерімен кездесуі, журналистермен сұхбаттасуы және қала бойынша экскурсия жасауы жоспарланған .

"Ленинград - біздің екінші отанымыз, бұл тамаша қаламен біздің рухани байланысымыз бар", - деді ардагерлер.

Ардагерлер Қазақстан мен Жамбыл облысын бейнелейтін сый- сыяпаттарын ала кетті, соның ішінде "Байтеректің" макеті де бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны