22.10.2012, 16:40 3395

Тараздың жаңа балалар ауруханасында зиянды қалдықтарды өртеуге арналған құрылғы орнатылды

"Турмалин" ЖАҚ-тың Қазақстанға қалдықтарды өртеуге арналған құрылғыны жеткізуімен айналысатын "Олжас" ЖШС-пен байланыс орнатқанына бірнеше жыл болды. Санкт-Петербор компаниясының өндіріс инсинераторлары Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Шымкент, Қостанай және республиканың басқа қалаларында жұмыс істейді.

Тараз. 22-қазан. Kazakhstan Today - "Турмалин" ЖАҚ (Санкт-Петербор) мамандары Тараз қаласында (Қазақстан) ИН-50.02К екі инсинераторын іске қосты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, зиянды медициналық қалдықтарды өртеуге арналған құрылғы жаңадан салынып жатқан қалалық көпсалалы балалар ауруханасы аумағында орнатылды.

"Турмалин" ЖАҚ-тың Қазақстанға қалдықтарды өртеуге арналған құрылғыны жеткізуімен айналысатын "Олжас" ЖШС-пен байланыс орнатқанына бірнеше жыл болды. Санкт-Петербор компаниясының өндіріс инсинераторлары Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Шымкент, Қостанай және республиканың басқа қалаларында жұмыс істейді.

ИН-50.02К инсинераторы - "Турмалин" ЖАҚ инсинераторлар желісінің ең ықшам моделі. Өнімділігі - сағатына 50 келіні құрайды. Медициналық және биоорганикалық қалдықтарды экологияға зиян келтірмей толығымен жояды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны