18.07.2007, 15:30 2694

Тәуелсіз автокөліктер одағы Жол полициясы комитеті төрағасының сотта тізгіні оң жақтағы көліктердің қауіпсіздігін мойындауын талап етуде

АЛМАТЫ. 18 шілде. Kazakhstan Today. Тәуелсіз автокөліктер одағы Жол полициясы комитетінің төрағасы Өмірзақ Түсімовтың сотта тізгіні оң жақтағы көліктердің қауіпсіздігін мойындауын талап етуде. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында одақ өкілі, адвокат Сергей Уткин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Тізгіні оң жақта орналасқан көліктерді тозғанға дейін пайдалануға рұқсат беру арқылы ІІМ олардың қауіпсіздігін мойындағандай болғанымен, Түсімов мырза оны мойындаған жоқ", -деді С. Уткин. Оның түсініктемесіне сәйкес, қазіргі жағдаймен сот сараптама тағайындаған, сараптама тізгіні оң жақтағы көліктер қауіпті ме, оларды егер жүргізушісі ережелерді бұзбаған жағдайда Қазақстан аумағында пайдалануға бола ма деген сауалдарға жауап беруге тиіс.

"Түсімов мырза осы автокөліктердің қауіпсіз екендігін мойындасын. Онда біз осы процесті тоқтатып, Жоғарғы сотта тізгіні оң жақтағы көліктерді елімізге әкелуге тыйым салған үкіметтің қаулысының күшін жою туралы екінші процесті бастаймыз", - деді С. Уткин. Оның пікірінше, егер сотта тізгіні оң жақтағы көліктердің қауіпсіздігі дәлелденген жағдайда бұл тыйым азаматтардың құқығын шектейді.

"Қазір адамдар тізгіні оң жақта орналасқан көліктердің әуесқойлары болғандықтан, осындай көліктерді сатып алып жатқан жоқ, олар осындай көліктердің бағасының арзандығына қарамастан, жоғары сапалылығына байланысты сатып алып жатыр. Сапасы да, бағасы да осындай, бірақ тізгіні сол жақта орналасқан көліктерді берсеңіздер, рулі оң жақтағы көліктерде отырғандардың 90 проценті ерегеспей, бірден тізгіні сол жақтағы көліктерге ауысып мінеді", - деді ол.

"Үкімет кәдімгі көлікті 10 мың АҚШ долларына сатып алу мүмкіндігінен азаматтарды қасақана айырып отыр. Ендігі жерде адамдар сапасы нашар, немесе, екі есе қымбат бағаға ғана көлік сатып ала алады", деді адвокат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны