17.12.2018, 15:47 5750

Тәуелсіздік тойында Кентауда 30 отбасына пәтер кілттері табысталды

Облыс әкімі Ордабасыға сапарынан кейін Кентау қаласында жаӊа пәтерлерге ие болған жергілікті тұрғындардыӊ қуанышымен бөлісуге барды. Бұл күні ондағы Ескі Иқан ауылдық округінде 2 қабатты 10 пәтерлі қызметтік тұрғын үй өз қожайындарын тапса, Шаға ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында да 10 пәтерлі 2 тұрғын үйдіӊ кілті беріліп, бұл күні Кентауда жалпы саны 30 пәтер иелеріне табысталды.

Түркістан. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Еліміздіӊ басты мерекесі - Тәуелсіздік тойын Түркістан облысыныӊ жұртшылығы асқан қуанышпен қарсы алып жатыр. Исіресе, бүгінгі күн Ордабасы ауданы мен Кентау қаласыныӊ халқы үшін әлеуметтік нысандардыӊ ашылуымен есте қалмақ.

Қос аудан, қала тұрғындарыныӊ қуанышымен бөлісуге барған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, алдымен, Ордабасы ауданына ат басын бұрып, Шұбарсу ауылындағы "MEDICAL CENTER SHUBARSU" медицина орталығыныӊ салтанатты ашылу рәсіміне куә болды.

Құрылысы 2016 жылы басталған нысанда жалпы саны 115 станционарлық төсек орын бар. Медицина орталығында терапия, балалар бөлімі, хирургия және жарақат бөлімі, физотерапия және оӊалту бөлімі, күндізгі бөлім, стационар, зертхана және диагностика бөлімі, жедел жәрдем стансасы қызмет көрсетеді. АҚШ, Оӊтістік Корея, Венгрия, Япония, Германия және бір қатар шетелдік және отандық замануи медициналық құралдармен жабдықталған нысанда 145 адам жұмыспен қамтылған.

Мұнан соӊ, облыс басшылығы бастаған топ аудан орталығы - Темірландағы "Жастар сарайыныӊ" ашылуына қатысты. Бүгінде 20 шақты жас маманды жұмыспен қамтыған ғимаратта болашақта аудан жастары түрлі үйірмелерге қатысып, бос уақытын тиімді пайдаланатын болады.

"Тәуелсіздіктіӊ торқалы тойында Ордабасыда халыққа өте қажетті екі нысан ел игілігіне беріліп отыр. Оныӊ бірі - жаӊа өзіміз куә болған медициналық орталық болса, екіншісі жастар үшін бой көтеріп, жұмысын бастаған осынау еӊселі ғимарат. Баршаӊызға белгілі, келер 2019 жылды Елбасымыз "Жастар жылы" деп жариялады. Яғни, келешегі кемел жастарымызға мемлекет тарапынан барлық жағдайды жасау жолында бүгінгі орталық Өздеріӊізге аманат. Тәуелсіз еліміздіӊ мәӊгілік ел болуға ұмтылған үмітін жалғайтын, сол арманға жеткізетін де Өздеріӊіз. Мақсат-мұраттарымыздыӊ жүзеге асуында бүгінгі жастар сарайыныӊ Сіздерге тигізер пайдасы мол деп білем", - деді Ж.Түймебаев ондағы жалынды жастармен тілдескенде.

Темірлан ауылындағы ескі кинотеатр ғимараты 2014 жылы жергілікті бюджет есебінен жеке меншіктен сатып алынған-ды. Сол кезде аудан әкімініӊ қаулысымен нысан аудандық "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесініӊ теӊгеріміне өтіп, күрделі жөндеуден өтті. Бүгінде жаӊарған нысан техникалық базамен толықтай қамтамасыз етілген.

Облыс әкімі Ордабасыға сапарынан кейін Кентау қаласында жаӊа пәтерлерге ие болған жергілікті тұрғындардыӊ қуанышымен бөлісуге барды. Бұл күні ондағы Ескі Иқан ауылдық округінде 2 қабатты 10 пәтерлі қызметтік тұрғын үй өз қожайындарын тапса, Шаға ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында да 10 пәтерлі 2 тұрғын үйдіӊ кілті беріліп, бұл күні Кентауда жалпы саны 30 пәтер иелеріне табысталды.

Қызметтік үйлердіӊ кілтін алып, қуанышқа бөленген жергілікті халықпен өзара әӊгімеде Жансейіт Қансейітұлы мұндай баспаналардыӊ осынау мейрам қарсаӊында облыстағы көптеген азаматқа, нақтырақ айтсақ 300-ден астам тұрғынға табысталған жеткізді. Халықты баспанамен қамту жұмыстары бұдан әрі де жалғаса беретінін айтқан әкім үйлердіӊ құтты қонысқа айналуына тілектестігін білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны