02.08.2016, 10:36 3747

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қайғылы оқиғалардан, жарақаттану мен уланудан болатын өлім-жітім 23%-дан астам төмендеді

Санитарлық авиация қызметі 5 жылдыӊ ішінде (құрылғаннан бастап) аймақтардағы ауыр халдегі пациенттерге 6,7 мыӊнан астам ұшырылым жасады. Өмірге қауіп төндіретін көрсеткіштер бойынша 6 мыӊнан астам пациент тасымалданып, 500 ота оқиға орнында жасалды.

Астана. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда қайғылы оқиғалардан, жарақаттану мен уланудан болатн өлім-жітім 23,1%-ға төмендеді (1991 жылы 100 мыӊ тұрғынға шаққанда 107,3-тен 2015 жылы 82,5-ке дейін), деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудыӊ 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасыныӊ аясында жол-көлік жарақатын төмендету мақсатында Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып (Төтенше жағдайлар комитеті) транспорттық медицина құрылған болатын. Бұл - санитарлық авиация, трассадағы медициналық-құтқару пункттері болып табылады.

Санитарлық авиация қызметі 5 жылдыӊ ішінде (құрылғаннан бастап) аймақтардағы ауыр халдегі пациенттерге 6,7 мыӊнан астам ұшырылым жасады. Өмірге қауіп төндіретін көрсеткіштер бойынша 6 мыӊнан астам пациент тасымалданып, 500 ота оқиға орнында жасалды.

Республикалық маӊызы бар жолдардыӊ аса қауіпті учаскелерінде трассадағы 40 медициналық-құтқару пункттері құрылды. 5 жылда жол-көлік оқиғалары орын алған жерлерге 4 мыӊнан астам қызмет көрсетіліп, 12 мыӊнан аса зардап шеккендерге, оныӊ ішінде 800 балаға медициналық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтында (бұдан әрі - ТОҒЗИ) 15 жылдыӊ ішінде оОрталық аудандық, қалалық және облыстық ауруханалар деӊгейінде сүйек-бұлшықет жүйесі зақымдалған, термиялық және химиялық күйікке шалдыққан ауруларды қарау және емдеу стандарттары әзірленді. Травматология, ортопедия, термиялық жарақат, жақ-бет жарақаты, политравма, нейротравма, жан сақтау, микрохирургия, ревматология және оӊалту бойынша диагностикалау мен емдеудіӊ 45 медициналық-экономикалық хаттамалары жасалды.

2006 жылдан бері институтта ірі буындарға остеосинтез, артроскопия, эндопротездеу жасайтын заманауи аудио- және бейнежүйемен, құралдармен және муляждармен жабдықталған мамандарды диппломнан кейін дайындау орталығы жұмыс жасайды. ТОҒЗИ тұрақты түрде жақын және алыс шетелден жетекші мамандарды шақырумен шеберлік кластарын, семинар-тренингтер, конференциялар өткізіп тұрады.

2015 жылы ТОҒЗИ ұжымы ұршықбуын хирургиясында эндопротездеуді қолдануда инновациялық технологияларды жасап енгізуге арналған жұмыстардыӊ топтамасы үшін ғылым мен техника саласындағы аль-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

Жеке және көптеген жарақаты бар ауруларды емдеуде остеосинтездіӊ кішіинвазивтік әдістері аурулар стационарға түскен бір сағат ішінде жасалады. Бұл бұғанасы, білегі, тобығы сынған ауруларды стационарлық емдеу мерзімін 5 күнге дейін қысқартуға, гипстік иммобилизациялауды болдырмауға және оӊалтуды ертерек бастауға мүмкіндік береді.

Алыс және жақын шетелдіӊ жетекші травматология және ортопедия орталықтарымен қарым-қатынас орнатудыӊ нәтижесінде АҚШ, Испания, Австрия, Швейцария және Германияда өткізілетін диагностикалау мен емдеудіӊ заманауи технологияларына үйрететін тренингтер мен семинарларда институттыӊ мамандары мен ғылыми кадрларыныӊ дайындығы жүргізіледі. Осы жылдары Еуропа мен АҚШ-тыӊ үздік клиникалары базасында 100-ге жуық маман оқытылды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны