05.07.2008, 16:06 2936

Тәжік құрылысшыларының тәжірибесі Қазақстанда қажет болуы ықтимал - Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі

Тәжік құрылысшыларының тәжірибесі Қазақстанда қажет болуы ықтимал - Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі

Душанбе. 5 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Тәжік құрылысшыларының бай тәжірибесі Қазақстанда қажет болуы ықтимал. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Ибутәліп Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

И. Ахметовтың айтуынша, Қазақстан экономикасына шетелдің, оның ішінде, Тәжікстанның білікті мамандары қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемнің әр түрлі елдерінің көптеген мамандары жұмыс істеуде.

"Біздің еліміз неғұрлым қуатты болған сайын, мамандар соғұрлым қажет болады. Тәжікстанның құрылыс саласындағы бай тәжірибесін біле отырып, ол Қазақстанда қажет болады деген ойдамын", - деп атап көрсетті елші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны