06.06.2008, 15:51 2583

Тәжікстан Республикасының есірткіге бақылау жасау жөніндегі агенттігі таяу уақытта өзінің өкілдігін Қазақстаннан Қырғызстанға ауыстырады

Тәжікстан Республикасының есірткіге бақылау жасау жөніндегі агенттігі таяу уақытта өзінің өкілдігін Қазақстаннан Қырғызстанға ауыстырады

Душанбе. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін"- Тәжікстан Республикасының президенті жанындағы есірткіге бақылау жасау жөніндегі агенттігі(ЕБА) таяу уақытта өзінің өкілдігін Қазақстаннан Қырғызстанға ауыстырады, деп хабарлайды агенттік "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Азия-Плюс" агенттігі хабарлағанындай, Қазақстанның құқық қорғау құрылымдарының өкілдері жұмыс істейтін Алматы қаласы штаб пәтерінің есірткімен күрес жөніндегі Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы жұмысының басталуына орай Қазақстанның оңтүстік астанасында ЕБА өкілдігін ұстау қажеттігі болмай қалды.

"Тәжікстан Республикасының президенті жанындағы есірткіге бақылау жасау жөніндегі агенттігі(ЕБА) Қырғызстан Республикасының Ош қаласына көшіріліп, мемлекетаралық байланыстары бар ұйымдасқан есірткі топтарын әшкерелеу жөніндегі екі мемлекеттік арнайы қызметтерінің бірлескен операцияларын жүргізуге қолғабыс көрсететін болады", - деп атап өтті агенттікте.

Қазақстандаға ТР ЕБА өкілдігі 2004 жылдың қазан айында ашылып, Ауғанстаннан Тәжістан арқылы Қазақстан, Ресей одан әрі Еуропаға жеткізілетін есірткі тасымалы арналарын жоюдың бірнеше бірлескен операцияларын жүргізуге септігін тигізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны