21.07.2008, 15:40 1570

Тәжікстанда 5 баллдық жер сілкінісі болды

Тәжікстанда 5 баллдық жер сілкінісі болды

Душанбе. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан аумағында 20 шілде күні таңғы сағат 04.00-де қуаты 5 балл жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Азия-Плюс" агенттігіне Тәжікстан үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар комитетінен хабарлағандай, Душанбе қаласынан оңтүстік-шығыс бағытта 240 шақырым жерде орналасқан жер сілкінісінің кіндігінде тербеліс күші 5 баллды құраған. Ал Душанбе қаласының өзінде 4 балл, Таулы Бадахшан автономиялық аймағында - 2-3 балл болған. Құрбандар мен қирандылар жайында ақпарат келіп түскен жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны