18.07.2006, 15:13 3165

Тәжікстанда 5 баллдық жер сілкінісі тіркелді

ДУШАНБЕ. 18 шілде. Kazakhstan Today. Бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша 8 сағат 43 минутта Тәжікстанда жер сілкінді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Республикалық сейсмологиялық стансаның ақпаратына қарағанда, жер асты дүмпуінің кіндігі Душанбеден оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым жерде Темірмәлік ауданында тіркелген.

Сейсмостансаның хабарлауынша, мұнда толқын қарқыны 4-5 баллға, ел астанасында Рихтер бағамы бойынша 2,5-3 баллға жетіпті.

ТР төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны