01.04.2008, 17:54 3343

Тәжікстанда оң жақ тізгінді көліктерді пайдалануға тыйым салынды

Тәжікстанда оң жақ тізгінді көліктерді пайдалануға тыйым салынды

Душанбе. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон "Жол қозғалысы туралы" заңға енгізілген түзетуге қол қойды, деп хабарлайды "Азия-Плюс" ақпарат агенттігі.

"Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне Тәжікстанның Ішкі істер министрлігінен хабарлағандай, бұл өзгерту тек республикалық "Чумхурият" газетінде басылғаннан кейін ғана заңдық күшіне енеді.

Ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, ендігәрі оң жақ тізгінді көліктерді Тәжікстан Республикасына кіргізу ғана емес, оларды ел аумағында пайдалануға да тыйым салынады.

"Осы көліктер тыйым салынғанға дейін елге кіргізген тұлғалар мемлекеттік автоинспекция органдарында белгілі бір процедуралар өтуі керек. Атап айтқанда, тіркеліп, мемлекеттік нөмірді уақытша тапсырып, сосын көлік құралын тиісті кәсіпорында қайта жарақтандырып, оны МАИ мекемесінде қайта рәсімдеп, одан кейін ешнәрсеге алаңдамастан оны пайдалана беруіне болады", - деп көрсетілген хабарламада.

Алайда соған қарамастан Тәжікстан Республикасының президенті жанындағы есірткіні қадағалау агенттігінің "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне хабарлауынша, республикадағы тыйым оң жақ тізгіні бар жалғыз көлікке ғана қатысты болмайды. Ол - "Вольво" жүк көлігінің шассиіне орнатылған есірткінің заңсыз тасымалын анықтауға арналған инспекторлық-тексеру кешені. Бұл кешенді пайдалану туралы рұқсат Тәжікстан Республикасының президентінен алынған.

Қазіргі таңда Тәжікстанда әртүрлі мәліметтер бойынша 3 мыңнан 5 мыңға дейінгі оң жақ тізгінді көлік бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны