03.04.2008, 19:42 3779

Тәжікстанның оңтүстігінде шегіртке қаптады

Тәжікстанның оңтүстігінде шегіртке қаптады

Душанбе. 3 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның оңтүстігінде шегіртке қаптады. Зиянкес Хатлон обысының 16 ауданына таралып та үлгерді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Хатлон обысының агроөнеркәсіп кешені бөлімінің басшысы Хамрохон Рахимов облыстың 55 мың гектар алқабына шегіртке жайылғанын хабарлады. Ол алқаптың ішінде мақта және бидай егілген жерлер де бар.

Ол зиянды жәндіктен зардап шеккен аудандардың ішінде, әсіресе, Хуросон, Кубодиен, Шахритуз, Бешкент, Руми, Кумсангир, Джоми, Фархор, Пяндж, Сарбанд және т.б. аудандарды атады.

Қазіргі уақытта, маманның айтуынша, шегірткемен күрес тәулік бойы жалғасуда. "Жоғарыда атлған аудандарда шегірткемен күреске 3 600 адам мен шегірткені жоюға арналған улы зат шашатын 350 аппарат жұмылдырылған. Сондай-ақ, ол жерлерге 2 300 литр улы химикаттар жеткізілді", - деп атап көрсетті ол.

Х. Рахимов шегіртке шабуылы биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда ауқымдырақ екенін атап көрсетті. "Олардың бұлай тез таралуы күннің құрғақтығына байланысты. Егер де жауын-шашын болғанда таралу бұдан жайырақ болар еді. Егер жағдайы жақсы болса әрбір шегіртке 90 жұмыртқаға дейін алып жүре алады", - деді маман.

Тәжікстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің көңіл көншітпейтін болжамдарына сүйенсек, он күннен кейін саранчаның көбеюі күтіліп отыр. Ал енді оны жою үшін ауыл шаруашылығының авиациясы қажет болары сөзсіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны