24.04.2008, 15:04 2989

Тәжікстанның сыртқы қарызы 1,2 млрд доллардан асып кетті

Тәжікстанның сыртқы қарызы 1,2 млрд доллардан асып кетті

Душанбе. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның сыртқы қарызы алдын ала мәліметтер бойынша 2008 жылдың 1 сәуірінде 1 млрд 223 млн АҚШ долларын құрады. Тәжікстан Республикасының қаржы министрінің бірінші орынбасары Шерәлі Сафаров баспасөз мәслихатында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ш. Сапаров елдің сыртқы қарызы ЖІӨ-нің 27 пайызын құрағанын атап өткен.

"Елдің сыртқы қарызына қызмет көрсету үшін мемлекеттік бюджеттен бірінші тоқсанда 17 млн доллар бөлінді. Елдің негізгі қарызын жоюға да сонша деңгейдегі ақша бөлінген. Ал пайызын қайтаруға 1,3 млн АҚШ доллары бөлінді", деді министрдің орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны