17.07.2008, 17:45 1247

Тәжікстанның сыртқы сауда айналымы бірінші жартыжылдықта 2 млрд 325,7 млн АҚШ долларын құрады

Тәжікстанның сыртқы сауда айналымы бірінші жартыжылдықта 2 млрд 325,7 млн АҚШ долларын құрады

Душанбе. 17 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның электр қуаты мен табиғи газды қосып есептегендегі сыртқы сауда айналымы бірінші жартыжылдықта 2 млрд 325,7 млн АҚШ долларын құрады. Тәжікстанның Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, бұл көрсеткіш өткен жылдың көрсеткішінен 24,3 пайызға артық болып келеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Азия-Плюс" агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, сауда балансы теріс болып шыққан. Осылайша, импорт экспорттан 2 есе - $745,9 млн. асып түскен. Тауар экспорты ағымдағы жылдың қаңтар - мамырында $789,9 млн құраған. Ол өткен жылғымен салыстырғанда 53,5 млн АҚШ доллары артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны