22.06.2007, 17:56 2988

"Техникалық орталық" қалалық коммуналдық кәсіпорынының қаңтар - мамыр айларындағы іс-қызметінен түскен салық түсімі 100 мың АҚШ долларынан асып жығылады

АЛМАТЫ. 22 - маусым. Kazakhstan Today. "Техникалық орталық" Қалалық коммуналдық кәсіпорынының қаңтар - мамыр айларындағы іс-қызметінен түскен салық түсімі 100 мың АҚШ долларынан (12,5 млн теңге) асып жығылады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің Алматы қалалық салық комитетіне берген сұрақтарына жауап ретінде хабарлады.

2006 жылғы барлық салық түсімі 23,7 млн теңгені (193 мың АҚШ доллары) құраған. Салық комитетіндегілердің түсіндіруінше, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекстің (Салық кодексі) 546-бабына сәйкес Қазақстан аумағында сауда операциялары барысында жүзеге асырылатын ақша есептері немесе қолма-қол ақша, банктің төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсету міндетті түрде фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналардың көмегімен бақылау чегін беру арқылы жүзеге асырылады.

Алматы әкімшілігінің 203 жылдың 27-қарашасындағы № 5/699 қаулысының негізінде "Техникалық орталық" қалалық коммуналдық кәсіпорыны көліктің кептеліп қалуы жағдайлардың алдын алу мақсатында көлікті айдап әкету, бүлдіру, тонаудың алдын алуда ерікті негізде ақылы қызмет көрсету арқылы қысқа мерзімдік тұрақтарда тиісті тәртіп орнатуды қамсыздандыруға тиіс. Сондай-ақ көліктердің кептелу жағдайлардың алдын алу мақсатында көлікті айдап әкету, бүлдіру, тонаудың алдын алуда ерікті негізде ақылы қызмет көрсету барысындағы жазбаша түрдегі келісім-шарт азаматтық заңнамаға сәйкес көлік иесіне берілетін бір реткі талон болып табылады.

Сөйтіп, тұраққа қойылған көліктің иесімен есептесу, Алматы әкімшілігінің қаулысына сәйкес, фискалдық жады бар бақылау-кассалық машинасын қолдану арқылы берілетін бір реттік талондар негізінде орындалады.

Сонымен қатар, комитеттегілер атап өткендей, Алматы қаласының салық органдары салық заңымен белгіленген өздерінің құзыреттілігі шегінде, салық төлеушілердің іс-қызметіне тұрақты түрде бақылау жасайды, атап айтқанда, белгіленген уақыт пен мерзімділік аясында құжаттамалық және рейдтер түрінде салық тексерулерін жүргізіп отырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны