20.07.2007, 17:42 3057

Техногендік апат болған қатерлі аймақта 100 шақты елдімекен бар - Львов облыстық кеңесі

АЛМАТЫ. 20 шілде. Kazakhstan Today. Украинадағы техногендік апат болған қатерлі аймақта 100 шақты елдімекен бар, деп хабарлайды Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігі Львов облыстық кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, баспасөз қызметінің хабарлауынша, қатерлі аймақта Бусский, Бродовский, Каменко-Бусский, Золочевский және Радеховский аудандары қалып қойған.

Бүгінгі жағдаймен ауруханаларда төтенше жағдайлардан зардап шеккен 164 адам емделіп жатыр.

Львов облыстық кеңесінің ақпаратына сәйкес, апаттың зардаптарын жоюға 2 млн 32 мың АҚШ доллары қажет. Бұл қаржы Украина мемлекеттік бюджетінің резерв қорынан бөлінеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 16 шілде, дүйсенбіде Украинаның Львов облысында "Казфосфат"ЖШС филиалы - Новожамбыл фосфор зауыты Асса (Тараз, Қазақстан) бекетінен Оклесна (Польша) бекетіне жіберген сары фосфор тиелген 15 цистерна шойын жолдан шығып кетті. Апат салдарынан 6 цистернадағы сары фосфор жанып кетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны