19.10.2018, 20:42 5121

Тектоникалық жарылымда"КөкЖайлау" шипажайына арналған жасанды көл салынайын деп жатыр

Қоғамдық ұйымдар ҚР Президентін экологиялық апатты алдын алуға және Алматы жанындағы КөкЖайлау тау платосында тау-шаӊғы шипажайын салу жобасын тоқтатуға шақырды.

Алматы. 19 қазан. Kazakhstan Today - Тектоникалық жарылымда"КөкЖайлау" шипажайына арналған жасанды көл салынайын деп жатыр.

Мұндай ақпарат "КөкЖайлау: сын-тегеуріндер мен шешімдер" атты дөӊгелек үстел кезінде жарияланды. Қоғамдық ұйымдар ҚР Президентін экологиялық апатты алдын алуға және Алматы жанындағы КөкЖайлау тау платосында тау-шаӊғы шипажайын салу жобасын тоқтатуға шақырды.

Дөӊгелек үстел Көк Жайлауды құрылыстан аман сақтап қалу мәселесімен айналысатын қоғамдық ұйымдардыӊ бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Қазірдіӊ өзінде құрылысқа қарсы 17 мыӊнан аса қол жиналды.

Пікірталасқа қазақстандық және шетелдік сарапшылар, атап айтқанда, география ғылымдарыныӊ, Ломоносов атындағы география факультетініӊ докторы Александр Хорошев (Ресей), тұрақты туризм жөніндегі сарапшы, TravelMole тұрақты туризм жөніндегі редакторы Валере Tиолле (Ұлыбритания),Константин Иванов (Болгария), Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF), "Байтақ болашақ" Экологиялық альянсыныӊ төрағасы Азаматхан Иміртай, Светлана Спатарь ("Зеленое спасение" ЭҚ), Қазақстан Қоғамдық ұйымдары экофорумыныӊ төрағасы Вадим Нижәне т.б. тұлғалар қатысты.

Илемдік деӊгейдегі ғалымдар мен сарапшылардыӊ, яғни іс-шара спикерлерініӊ пікірінше, КөкЖайлау тау платосы аумағында тау-шаӊғы шипажайын (таулы саябақты) салу міндетті түрде апатты салдарға әкеледі екен.

Атап айтқанда, жобаныӊ техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес 50 шақырымнан аса тау-шаӊғы трассасын салу жоспарланған. Трассаны жүргізу үшін гектар-гектар орман кесіп тасталып, бірнеше шақырым тау беткейі көлденеӊінен пішінделеді. Осыныӊ нәтижесінде шипажайдыӊ маӊайындағы өсімдік әлемі жойылып, жануарлардыӊ, соныӊ ішінде Қызыл кітапқа енгізілген ілбістіӊ және Сиверс алмасы өсетін аймақтыӊ тас-талқаны шығады. Тау беткейін көлденеӊінен пішіндеу топырақ эрозиясына және шөгінділердіӊ түзілуіне әкеліп соғады.

Сарапшылардыӊ бір ауыздан айтып отырған пікірі бойынш, Медеу-Көк-Жайлау гондолды жолын салу шөгіндердіӊ түзілуіне әкеліп, Үлкен және Кіші Алматы алабындағы тау өзендерінде сел-көшкін қаупін қатты күшейтуі мүмкін.

Сондай-ақ, жоба аясында плато аумағында екі футбол алаӊына теӊ жасанды көлді салу қарастырылған. Мамандардыӊ бағалауынша, тау-шаӊғы трассасынада қар жетіспеуі мүмкін болғандықтан, көл трассаларды қармен жабу үшін қажет екен. Жобаныӊ техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес плато аумағындағы құрылыс алаӊы дәл тектоникалық жарылым қалыптасқан жерде орналасқан, ал бұл жер сілкінісі болған кезде қала тұрғындарына үлкен қауіп төндіреді.

Сонымен бірге, Көк Жайлауда құрылыс салу Қазақстанныӊ бедел-абыройына үлкен қатер келтіреді, өйткені бүгінгі күні жоба айналасында халықаралық және жергілікті деӊгейдегі заӊнама бұзушылықтар орын алған. Атап айтқанда, жұртшылықтыӊ қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдауына және сот төрелігіне жүгінуіне жағдай жасайтын халықаралық шарт - "Орхусс конвенциясыныӊ" ережелері бірталай мәрте бұзылды.

Анықтама:КөкЖайлау шатқалы - алматылықтар мен қала қонақтарыныӊ еӊ сүйікті әрі еӊ қолжетімді экологиялық туризм орындарыныӊ бірі. Шатқал Алматы қаласыныӊ бас жағында орналасқан. Шығыстан батысқа қарай созылып, Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын қосады. Ұзындығы - 15 шақырым, жалпы ауданы - 1 мыӊ гектардан аса.

Көк Жайлау шатқалы Іле-Алатаудыӊ бірегей экожүйесін және ландшафтын сақтау мақсатында 1996 жылы құрылған Іле-Алатау ұлттық табиғи саябағыныӊ құрамына 2014 жылға дейін кіріп келген.

Табиғи саябақтыӊ флорасында 811 өсімдік түрі бар, олардыӊ 17-сі Қазақстанныӊ Қызыл кітабына енгізілген. Фауна әлемі 1700-ден аса жануар түрінен тұрады, құстардыӊ 13 түрі және сүтқоректілердіӊ 8 түрі Қызыл кітапқа енген. Дәл осында жер жүзіндегі барлық алмалардыӊ "анасы" өсіп, ілбіс мекендейді.

Көк Жайлауда кім және қандай құрылыс жүргізейін деп жатыр?

Алматы билігі Көк Жайлауда тау-шаӊғы шипажайы, қонақ үйлер, мейрамханалар, мұз айдыны және би алаӊы сынды спорттық ойын-сауық кешенін салуды жоспарлап отыр. Жобаны жүзеге асырушылардыӊ айтуынша, бұл "2300 метр биіктегі Панфилов көшесіне" айналады. Сондай-ақ, Медеу-Көк-Жайлау гондолды жолын салу да қарастырылған. Құрылыс 2020 жылдыӊ сәуіріне жоспарланған, ал шипажайдыӊ 1-кезегі 2021 жылдыӊ 1 желтоқсанында ашылады. Жоба құны - 200 млн. АҚШ доллары, ал бұл - 66 млрд. теӊгеге теӊ мемлекеттік ақша.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны