24.07.2015, 12:41 3128

Теміртау қалалық ІІБ Жол патрульдік полиция батальоныныӊ қызметкерлері қарақшылық шабуыл жасап оқиға орнынан автокөлікпен қашып кеткен күдікті азаматтарды "Ізін сутпай" қолға түсірді.

Астана. 24 шілде. Kazakhstan Today - 21-ші шілде күні Теміртау қалалық ІІБ Жол патрульдік полиция батальоныныӊ қызметкерлері қарақшылық шабуыл фактісі бойынша бағыттама алған. Мысты өӊірдіӊ тұрғыны, жәбірленуші жас жігіт оқиға орнына келген тәртіп сақшыларына қаладағы дүкендердіӊ бірініӊ маӊында бір топ белгісіз жас жігіттер пышақпен қорқытып, қалтасындағы соӊғы ақшасын тартып алып, оқиға орнынан "Мерседес Бенц" автокөлігімен қашып кеткендігін айтқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жас жігіт полиция қызметкерлеріне өзіне жабуыл жасаған азаматтар туралы толық ақпарат беріп, қашып кеткен автокөліктіӊ мемлекеттік нөмірімен көліктіӊ түсін айтып берген.

Бағдар бойынша бағыттама алған полиция қатарындағы Исет Айменов, аға сержант Нұржан Кенжебав және аға сержант Ержан назарбеков бағдарда берілген автокөлікті Дмитров көшесінде байқаған.

Полиция қызметкерлері мінген автокөлікті көрген "Мерседес" автокөлігініӊ жүргізушісі олардан ізін сутпақшы болған. Дегенмен тәртіп сақшыларыныӊ сауатты жұмыстарыныӊ арқасында автокөлік полиция қызметкерлерімен қолға түсті. Қолға түскен автокөліктіӊ ішінде бес қала тұрғыны болған. Оларды жәбірленуші таныды.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жүргізіліп, олардыӊ басқада қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны