12.04.2007, 18:03 3618

Теміртау соты "Миттал Стил Теміртау" АҚ екі басшылық қызметкерін адам өліміне кінәлі деп таныды

ҚАРАҒАНДЫ. 12 - сәуір. Kazakhstan Today. Теміртау соты "Миттал Стил Теміртау" АҚ екі басшылық қызметкерін адам өліміне кінәлі деп таныды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Теміртау прокурорының орынбасары Саят Сауқымбеков хабарлады.

"Теміртау қалалық сотының үкімімен энергетикалық жөндеу учаскесінің бастығы В. Конюхов пен "Миттал Стил Теміртау" АҚ коммуникация және құралдарды жөндеу жұмыстары жөніндегі шебер А. Күзембаев техникалық қауіпсіздік ережесін, өнеркәсіптік санитария немесе басқа еңбекті қорғау ережелерін сақтауды қамтамасыз ету немесе ұйымдастыруға қатысты міндеттер жүктелген тұлғаның осы ережелерді бұзу салдарынан адам өліміне әкеп соқтырған қылмыс жасағандықтары үшін кінәлі деп танылды",- деп хабарлады Саят Сауқымбеков.

Оның ақпараттарына сүйенсек, 2006 жылы "Миттал Стил Теміртау" АҚ болған оқыс оқиғаны арнайы тергеу материалдарын тексеру барысында прокуратура өткен жылдың 25-мамырында сотталған азаматтар жетекшілік еткен жер асты жұмыстарын жүргізу кезінде "МЭР" ЖШС мердігерлік ұйымның қызметкері С. Зеленов топырақ астында қалып қойып, алған жарақаттар салдарынан көз жұмғандығы белгілі болды.

Сот В. Конюхов пен А. Күзембаевқа 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жаза бір жыл шартты сынау мерзімімен тағайындалды. "Сотта істі қарау барысында айыпталушылар өз кінәларын мойындамады, бірақ үкімге қарсы шағым жасалынбады",- деп атап өтті прокурордың орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны