18.04.2016, 16:37 3605

Теміртауда із-түссіз жоғалған жасөспірім ағашқа асылған күйінде табылды

Қарағанды облысыныӊ Теміртау қаласындағы қараусыз қалған ғимараттыӊ ішінде жарты ай бұрын із-түссіз жоғалған 16 жасар Вадим Корженков асылған күйінде табылды

Астана. 18 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ Теміртау қаласындағы қараусыз қалған ғимараттыӊ ішінде жарты ай бұрын із-түссіз жоғалған 16 жасар Вадим Корженков асылған күйінде табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы аймақтық ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

"Жасөспірімніӊ мүрдесін анықтау фактісі бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі кезде оқиға орyында тергеу-жедел тобы жұмыс жүргізуде", - деп баяндады ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен.

8 сынып оқушысы 31 наурыз күні бірге жүретін қызымен ұрысып қалған соӊ із-түссіз жоғалған. Оны полицейлер және еріктілер іздеді. Жасөспірімніӊ мүрдесі 18 сәуірде қаладағы бұрынғы дүкенніӊ қараусыз қалған ғимаратынан табылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны