30.06.2010, 16:36 7153

Теміржолды жөндеу жұмыстарымен айналысқан мердігер компания 11,5 млн теңгені жымқырған

Теміржолды жөндеу жұмыстарымен айналысқан мердігер компания 11,5 млн теңгені жымқырған

Алматы. 30-маусым. Kazakhstan Today Арнайы жүргізген тексеру барысында теміржолды жөндеу жұмыстарымен айналысқан жекеменшік "МСД" мердігер компаниясы 11,5 млн теңгені жымқырғандығы белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

"Компания апатты жағдайда тұрған жол бөліктеріне сапалы жөндеу жұмыстарын тек қағаз жүзінде ғана жүргізген. Шындығына келгенде жолды қайта жөндеу кезінде ақау рельстер мен жарамсыз шпалдар қолданылған. Бұған қоса компания басшылары құрылыс заттарының бағасын екі есе артық көрсетіп, қиыршық тас төсеуде 5 млн теңгеден астам қаржыны өз қалталарына басқан. Енді мердігерлердің немқұрайлылықтарының салдарынан поездар кез-келген уақыта рельстен шығып кетуі мүмкін",- деп хабарлайды телеарна.

Теларнаның ақпараттарына сүйенсек, теміржол басшылығы да мемлекет меншігін жымқырған. "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Южный" бөлімшесінде қолдануға жарамды 66 вагон есептен шығарылған. Осының нәтижесінде 10 млн теңгеден астам пайда тапқан",- деп хабарлайды телеарна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны