15.05.2008, 17:49 3047

ТМД елдерінің тұрғындары Ресей саясатын қолдайды - Gallup

ТМД елдерінің тұрғындары Ресей саясатын қолдайды - Gallup

Алматы. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Gallup қызметі жүргізген сауалнамаға сәйкес ТМД елдерінің тұрғындары арасында Ресей саясатын қолдау рекордтық жоғарғы деңгейде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Washington ProFile ақпараттық-сараптамалық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Gallup қызметі дүниежүзінің 138 мемлекетінде жүргізілген сауалнама нәтижелерін жариялады. Сауалнамаға қатысқандардың барлығына жалғыз сұрақ қойылған: "Сіз Ресейдің қазіргі билігінің жұмыс нәтижесін қолдайсыз ба, әлде, қолдамайсыз ба?"

Агенттіктің хабарлауынша, бұрынғы кеңестік мемлекеттердің тұрғындары арасында Ресей саясатын қолдау деңгейі рекордық жоғарғы көрсеткішке ие болған. Атап айтқанда, Тәжікстанда Мәскеудің іс-қимылдарын 92 пайызға, Қырғызстанда - 89%, Қазақстанда - 87%, Изербайжанда - 66%, Молдовада - 62%, Украинада - 53%, Беларуссияда - 51%, Өзбекстанда - 50%. Ал Грузия мен Арменияда "қолдау көрсету деңгейі" "дұшпандық деңгейінен" төмен және тиісінше 22% және 30%-ға тең.

"Жалпы алғанда, Ресей жетекшілерінің қазіргі басқару нәтижелерін көбінесе қолдамайды. Еуропалық Одақ елдерінде қолдамайтындар 43% болса, қолдайтындар тек 15%. Ал Оңтүстік және Солтүстік Америкада бұл пропорция былай белгіленеді: 22% - 18%, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада - 49% - 29%", - деп хабарлайды агенттік.

Еуропада Сербия (63%), Македония (56%) және Черногория (Montenegro) (49%) тұрғындары Ресей билігінің әрекетін қолдауға ауған. Ал Францияда Ресейді мүлдем жақтырмайды десек болады. Мұнда қолдайтындар саны 6 пайыз. Салыстыру үшін айтсақ, дәл осы көрсеткіш Косовода 19 пайызды құрайды.

Таяу Шығыста Ресейді ең көп қолдайтындар Ливан (48%), Марокко (38%) мен Иранда (37%) тұрады. Өңірдің барлық басқа мемлекеттерінде Мәскеу әрекеттерін қолдамайды. Ресей саясатын қолдайтын Мадагаскар мен Конгода 65 пайыз, Малиде 61 пайыз, Либерияда - 14 пайыз, және Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) 17 пайызға тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны