06.12.2012, 16:16 3478

ТМД-да келесі жыл Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы болып жарияланды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2013 жыл Тәуелсіз мемлекеттер достастығында Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы болып жарияланды.

Бішкек. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - ТМД-да келесі жыл Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы болып жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, 2013 жыл Тәуелсіз мемлекеттер достастығында Экологиялық мәдениет және қоршаған ортаны қорғау жылы болып жарияланды. Осындай шешім Ашхабадта ТМД елдерінің мемлекет басшылары отырысында қабылданды, деп хабарлайды Достастықтың атқарушы комитетінен.

Отырысқа қатысушылар "Достастықтың мәдени астаналары" мемлекетаралық бағдарламасы туралы ережені бекітті. Сондай-ақ, 2013 жылы осы бағдарламаны Изірбайжан, Армения, Беларуста жүзеге асыру туралы шешім қабылданды. Және сәйкесінше, Габала, Гюмри, Могилев қалалары Достастықтың мәдени астаналары болып жарияланды.

Отырыс қорытындысы бойынша, 24 құжат бойынша шешім қабылданды. Оны ТМД Атқарушы комитеті әзірледі. Қол қойылған құжаттардың арасында жан- жақты ынтымақтастықты әрі қарай дамыту туралы және 1941-1945 жж Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70-жылдығын мерекелеуге дайындық туралы ТМД елдері мемлекет басшылары декларациясы мен басқа бірқатар құжат бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны