13.02.2015, 22:11 4145

ТМРА экс-басшысы М.Оспанов сот залынан босатылды

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы тарап ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігініӊ бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановты 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын

Астана. 13 ақпан. Kazakhstan Today - ТРМА бұрынғы басшысы Мұрат Оспанов 1 млрд 101 млн теӊге айыппұл төлеуге міндеттеліп, қамауға алу бұлтартпау шарасы мүлкін тәркілей отырып, ешқайда шықпау қолхатына ауыстырылды. Экс-шенеунік сот залынан босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы тарап ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігініӊ бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановты 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Естеріӊізге сала кетейік, Мұрат Оспановқа Қылмыстық кодекстіӊ 311-бабы бойынша аса ірі көлемде пара алды, ал Арман Ақтайға 312-бап бойынша аса ірі көлемде пара берді деген кінә тағылып отыр.

Оспанов 2014 жылғы 1 шілдеде Қаржы полициясы агенттігінде жауап беруден кейін ұсталған болатын. Оны уақытша ұстау абақтысына тоғытқан кезде сот медициналық сараптамасы жүргізілген. Ол бойынша Оспановта дене жарақатыныӊ жоқтығы анықталды.

Келесі күні, 2014 жылғы 2 шілдеде 10 сағат 30 минуттардыӊ шамасында Оспановты уақытша ұстау абақтысынан Агенттік ғимаратына алып келу кезінде, ол өзін нашар сезінуіне байланысты автомашинаны тоқтатуды сұраған.

Бірден есікті ашып және автомобиль салонынан жүгіріп шығып, Оспанов қашуға әрекет жасаған. Агенттік қызметкерлері автомашинадан 15 метр жерде оны ұстап, бұл әрекетіне тосқауыл қойды.

Агенттік қызметкерлерімен ұсталған Оспанов оларға қарсылық білдірген, нәтижесінде оныӊ өзі және қаржы полициясы қызметкері жерге құлап, дене жарақатын алған.

Бұл факт бірден Агенттіктіӊ Арыздар мен ақпаратты есепке алу журналына тіркелген, Оспанов пен оны қарауылдаған қызметкерлерге қатысты дене жарақатын анықтау мақсатында сот-медициналық қарау тағайындалған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мұрат Оспанов 300 мыӊ доллар көлемінде пара алды деген күдікпен биылғы жылдыӊ шілде айында ұсталған болатын, кейінірек сот оны қамауға алуды санкциялады.

Мұрат Оспанов ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігініӊ төрағасы қызметіне 2012 жылдыӊ қаӊтар айында тағайындалған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны