01.04.2021, 18:48 11033

Тоқаев COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізеді

Іс-шара барысында COVID-19 ауруының өсуіне байланысты елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ азаматтарды вакцинациялау процесі қаралады.
НҰР-СҰЛТАН. 1 СӘУІР - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес өткізеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Бүгін түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кеңес өткізеді. Іс-шара барысында COVID-19 ауруының өсуіне байланысты елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ азаматтарды вакцинациялау процесі қаралады", - деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

 
Оның айтуынша, кеңеске орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдері қатысады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны