23.07.2008, 16:17 2793

Токмак қаласының маңында болып, Қазақстан азаматтарының қаза табуы мен зардап шегуіне алып келген апаттың себеп-салдарын тексеру 4 тамызда аяқталады

Токмак қаласының маңында болып, Қазақстан азаматтарының қаза табуы мен зардап шегуіне алып келген апаттың себеп-салдарын тексеру 4 тамызда аяқталады

Бішкек. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Токмак қаласының маңында болып, Қазақстан азаматтарының қаза табуы мен зардап шегуіне алып келген апаттың себеп-салдарын тексеру 4 тамызда аяқталады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл күнді Қырғызстан үкіметі аппаратының жетекші Мурат Исмаилов бүгін үкіметтің жанындағы жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның 21 шілдеде Токмак қаласының маңында болған жол апатына байланысты өткен кезектен тыс отырысында атады.

"Жұмыс тобы жұмысты он күннің ішінде бітіріп, қорытындыны 4 тамызда талқылау және тиісті шешім қабылдау үшін таныстыруы қажет деп санаймын. Болған оқиға Ыстықкөлдегі туристік маусымның барысына әсер етуге тиіс емес", -деп мәлімдеді М. Исмаилов.

Қырғызстан ІІМ жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндіге бас басқармасының бастығының ақпаратына сәйкес, осы басқарманың бір топ қызметкері қызмет бабындағы тексеру жүргізуде. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерінің хабарлауынша, жол апатынан зардап шеккен Қазақстан азаматтарынан бір әйелден өзгесі түгел өз отандарына оралды, ал әйелдің жағдайы ауыр болуға байланысты тасымалдауға келмейді деп танылған. Қаза тапқандардың мәйіттері Қазақстанға жеткізілді.

М. Исмаилов ІІМ мен Көлік және коммуникациялар министрлігіне жол қозғалысының қауіпсіздігін қадағалауды күшейтуге, ал Қырғызстан үкіметінің жанындағы туризм жөніндегі мемлекеттік агенттігіне Ыстықкөлдегі демалыс маусымын белгіленген жоспарға сәйкес жүргізуге қажетті шараларды қолдануға тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны