23.05.2012, 12:53 3156

Төрт айда 60 бала шетінеген перзентхана жабылды

Алматы қаласының Бостандық аудандық прокуратурасының баспасөз хатшысы Гүлнар Иуелбекқызының айтуынша, қазір онда "жоспар бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр". Гүлнар Иуелбекқызы мамырдың 23-і күні Азаттық тілшісіне: "Изірге, ешқандай қылмыстық іс қозғалған жоқ. Жыл басынан бері 60 бала шетінеп кеткен. Осы аптаның аяғында тексеру қорытындысы бойынша арнайы баспасөз мәслихатын береміз", - деді.

Алматы. 23-мамыр. Kazakhstan Today - Төрт айда 60 бала шетінеген перзентхана жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, мемлекеттік "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы аясында салынып, өткен жылдың аяғында ашылған жаңа перзентханадағы жағдайды қазіргі кезде жергілікті прокуратура тексеріп жатыр.

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы мамырдың 21-і күні жабылған екен.

Алматы қаласының Бостандық аудандық прокуратурасының баспасөз хатшысы Гүлнар Иуелбекқызының айтуынша, қазір онда "жоспар бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр". Гүлнар Иуелбекқызы мамырдың 23-і күні Азаттық тілшісіне: "Изірге, ешқандай қылмыстық іс қозғалған жоқ. Жыл басынан бері 60 бала шетінеп кеткен. Осы аптаның аяғында тексеру қорытындысы бойынша арнайы баспасөз мәслихатын береміз", - деді.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, жергілікті прокуратура балалар өлімінің себептерін анықтамақ.

Жыл басынан бір жасқа толмаған 40 бала шетінеді. Cебептерін қазір тексеру органдары анықтап жатыр.

Ал Алматы қалалық денсаулық сақтау департаменті өкілдері мұның "жай ғана жоспарлы тексеріс" екенін айтты. Олардың сөзі бойынша, "Мұндай тексерістер жыл сайын болып тұрады". Департаменттің ана мен баланы қорғау бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Арна Болатқызының айтуынша, қазір интернетте жарияланған "60 баланың өлімі - бұл шамалы бұрмаланған, жуықтап алғандағы көрсеткіш".

"Нақты болуы үшін сізге түсіндіре кетейін. Жыл басынан бері бір жасқа толмаған 40 бала шетінеді. Иртүрлі - біреуі төртінші күні, біреуі оныншы күні шетінеген. Ал 16 бала өлі туылған. Яғни, дүниеге келместен бұрын ана құрсағында жатып-ақ шетінеп кеткен. Оның себептерін қазір тексеру органдары анықтап жатыр. Бірақ перзентхана бұған байланысты жабылып отырған жоқ. Маусымның 6-сы қайта ашылады", - деді ол.

Ал перзентхана басшысы Жанат Байғалина мамырдың 22-сі күні жергілікті арналарға (КТК) берген сұхбатында бұл бұрындары жұмыстан кеткен қызметкердің "кек қайтару" әрекеті екенін айтып: "Бұл бұрындары бізде істеген қызметкердің арыз-шағымы бойынша болып отыр. Бізде жұмыс істеген кездері қызмет тәртібін бұзғаны үшін оған айыппұл салынған еді. Медициналық құжаттарды дұрыс жүргізбегені үшін жауапқа тартылды", - деген.

Бұл орталық турасында денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың блогына мамыр айында шағым түсіпті.

Алмаз Зал-улы есімді интернет пайдаланушы мамырдың 8-і блогта "перзентхананы жемқорлық жайлап кеткенін, соның салдарынан қызмет сапасы мүлдем нашарлағанын, зардабын орталыққа түскен қарапайым аналар көріп жатқанын" жазады.

Ол дәлел ретінде бірнеше мысал келтіріп "...Прокуратура органдарында арызы қаралып жатқан 22 жастағы Қасымбекова жоспарлы кесарь операциясын жасатқаннан кейін жатырсыз қалды. Себебі, операция өткеннен кейін бес күн бойы орталықтағы бірде-бір қызметкер оның палатасына тіпті бас сұғып та қоймаған. Операциядан кейін күтім жасамаған. Аурудың хронологиясы (история болезни) сияқты анықтама құжаттары да өтірік жазылды..." деп жазған.

22 жастағы Қасымбекова жоспарлы кесарь операциясын жасатқаннан кейін жатырсыз қалды. Операциядан кейін күтім жасалмаған.

Ал бұған жауап берген министр оның арызы жергілікті қаржы полициясына бағытталғанын айтқан.

Бұл ақпараттарға байланысты мамырдың 23-і перзентханаға хабарласқанымызбен, жауап ала алмадық.

Ақпарат бойынша, Алматы қаласындағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы өткен жылдың қараша айында мемлекеттік "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасы аясында ашылған. Орталық ашылған кезде жергілікті ақпарат құралдары 150 орындық перзентхананың заман талабына сай, ең озық технологиялармен жабдықталғанын хабарлады.

Ақпарат бойынша, бұл - жүректерінде ақауы бар әйелдерге арналған алғашқы перзентхана.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны