14.09.2009, 13:06 1351

Төтенше жағдайлар министрлігі жылдың басынан бері денсаулық сақтау нысандарының қызметін уақытша тоқтата тұру жөнінде 70-тен астам шағым түсірді - Божко

Төтенше жағдайлар министрлігі жылдың басынан бері денсаулық сақтау нысандарының қызметін уақытша тоқтата тұру жөнінде 70-тен астам шағым түсірді - Божко

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Төтенше жағдайлар министрлігі жылдың басынан бері денсаулық сақтау нысандарының қызметін уақытша тоқтата тұру жөнінде 70-тен астам шағым түсірді. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Премьер-министрдің тапсырмасымен біз жылдың басында денсаулық сақтау және білім беру нысандарын тексеріп шықтық. Ауруханалардың 26%-ы автоматты өрт дабылымен жабдықталмаған, сондай-ақ, 31% денсаулық сақтау нысандарында өрт дабылы автоматикасы істен шыққан", - деді В. Божко.

"Біз денсаулық сақтау нысандарының қызметін уақытша тоқтата тұру жөнінде 72 шағым түсірді", - деді министр.

Сондай-ақ, білім беру нысандарына қатысты да күрделі жағдайлар туындайды. "Біз 6352 білім беру нысанын, мектептер мен балабақшаларды тексердік, 5 мыңдай адамды жауапкершілікке тарттық. Республикадағы мектептердің 38%-ы автоматты өрт дабылымен жабдықталмаған, 23%-да жабдықтар жұмыс істемейді", - деді мекеме басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны