22.05.2015, 20:14 4288

Травматикалық қаруларды өтемді түрде алу акциясы жалғасуда

Ағымдағы жылдыӊ 1 қаӊтарынан бері жеке тұлғалардан тіркелген атыс және травматикалық оқтармен атуға жарамды газды қаруларды ерікті түрде сатып алу бойынша акция басталған болатын. Бүгінгі күні ішкі істер органдарына аталған санаттағы 785 бірлік қару тапсырылды, ол ІІО есебінде тұрғандардыӊ жалпы саныныӊ 56,0% құрайды

Астана. 22 Мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 1 қаӊтарынан бері жеке тұлғалардан тіркелген атыс және травматикалық оқтармен атуға жарамды газды қаруларды ерікті түрде сатып алу бойынша акция басталған болатын. Бүгінгі күні ішкі істер органдарына аталған санаттағы 785 бірлік қару тапсырылды, ол ІІО есебінде тұрғандардыӊ жалпы саныныӊ 56,0% құрайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Батыс Қазақстан облысыныӊ тұрғындарынан травматикалық қаруларды сатып алу үшін 43 миллион 768 мыӊ теӊге ақша бөлінді, оныӊ ішінде азаматтарға тапсырған қарулары үшін 19 миллион 266 мыӊ 849 теӊге төленді.

Тіркелген атыс және травматикалық оқтармен атуға жарамды газды қаруларды тапсыру қажет, тіпті, рұқсат беру құжаттарыныӊ мерзімі аяқталса да, тапсыру керек.

2016 жылғы 1 қаӊтардан бастап уақытында тапсырмаған қару иелері ҚР ҚК-ніӊ 287-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады, яғни, екі айлық есептік көрсеткіш (1АЕК - 1982 теӊге) немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жазаға тартылады.

Егер қару иесі тіркелген қаруды қандай да бір себеппен жоғалтып алатын болса, полицияға жүгінуі қажет.

Қару жоғалтқаны үшін қару иесі Қазақстан Республикасы ИҚБК-ніӊ 486-бабы 1-бөлімініӊ 3-тармағы бойынша әкімшілік жауапкерлікке тартылады немесе бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндетті. Жоғалған қару криминалдық есепке қойылады. Мұндай қаруларды сақтау, қолдану қылмыстық жазаға әкеліп соғады.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны