29.05.2013, 17:38 20483

Травматикалық қаруларға қатаң бақылау қажет

Мәжілісте "Травматикалық қару: заңнамалық реттеу мәселелері" тақырыбында "дөңгелек үстел" отырысы өтуде, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі.

Астана. 29-мамыр. Kazakhstan Today - Травматикалық қаруларға қатаң бақылау қажет, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәжілісте "Травматикалық қару: заңнамалық реттеу мәселелері" тақырыбында "дөңгелек үстел" отырысы өтуде, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі.

Дәл қазіргі уақытта Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқылануда. Осыған байланысты травматикалық қару жағдайына баса назар аударылуда.

Осы тұста айтылған ұсыныстардың бірі - травматикалық қаруды азаматтық айналымнан алып, қызметтік санатқа ауыстыру туралы. Оған бірден-бір себеп, соңғы уақыттарда травматикалық қаруды пайдалану арқылы жасалған қылмыстар саны қарқын алып барады.

Аталған аспектілерді жан-жақты қарау мақсатында Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті, "Нұр Отан" партиясы жанындағы Құқықтық кеңес осы мәселелердің кеңінен талқылануына бастамашы болып отыр.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматлиннің атап өткеніндей, қару шын мәнінде, қорғану құралы емес, бұл шабуыл жасау құралы. Сондықтан, бұл жерде екі түрлі пікірге жол беруге болмайды - кез-келген қару айналымы егжей-тегжейлі және қатаң бақылауды талап етеді.

"Соңғы 5 жылда ішкі істер органдарында травматикалық қаруды өзін-өзі қорғау мақсатында пайдаланған 19 оқиға тіркелген, ал керісінше, осы қарумен қылмыс жасаған оқиғалар саны мыңға жетеді. Сондықтан, өзін-өзі қорғауға арналған қару қауіпке айналған кезде, біздің азаматтарымызды қорғаудың бір ғана амалы - бұл қаруға тыйым салу немесе оны пайдалануға байланысты талапты күшейту",-деді Нұрлан Нығматулин.

"Дөңгелек үстел" жұмысына Мәжіліс депутаттары, Бас прокуратура және Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Білім және Ғылым министрліктері, сонымен бірге, азаматтық сектор өкілдері қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны