15.06.2017, 13:55 3107

"Туған елге тағзым" өлкетанулық зерттеу экспедициясымен Алматы мен Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ бір топ оқушылары Қызылорда облысына келді

Қызылорда облысыныӊ тарихы, мәдениеті, экономикалық және әлеуметтік даму барысымен танысып, әлем таныған тұлға - Мұстафа Шоқайдыӊ өмірі мен қызметін зерттеу мақсатында Сыр өӊіріне "Туған елге тағзым" өлкетанулық зерттеу экспедициясымен Алматы мен Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ бір топ оқушылары келді.

Қызылорда. 15 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ тарихы, мәдениеті, экономикалық және әлеуметтік даму барысымен танысып, әлем таныған тұлға - Мұстафа Шоқайдыӊ өмірі мен қызметін зерттеу мақсатында Сыр өӊіріне "Туған елге тағзым" өлкетанулық зерттеу экспедициясымен Алматы мен Шымкент қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектебініӊ бір топ оқушылары келді.

Экспедиция барысында жас жеткіншектер Алаштыӊ зиялысы Мұстафа Шоқайдыӊ туған өлкесіне барып, оныӊ өмірімен жан-жақты таныса алады.

Сонымен бірге Алаш орда тарихын зерттеушілермен тілдесіп, өз зерттеу жұмыстарына қажетті ақпарат алады. Сондай-ақ оқушылар Қазақ хандығыныӊ алғашқы астанасы - Сығанақ қалашығына барып, оныӊ Қазақстан тарихында алар орнын зерттемек.

Бағдарламаға сәйкес жас өреӊдер "Сауысқандық" шатқалындағы жартасты бейнелерді де көріп,Қорқыт ата ескерткішімен танысады деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны