26.06.2017, 10:04 12142

"Туған жер" бағдарламасы аясында Ақмола облысында мәдени-сауықтыру кешені мен дәрігерлік амбулатория қайта жаӊғыртылады

Ақмола облысында "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруға кәсiпкерлер атсалысуда.

Көкшетау. 9 маусым. Kazakhstan Today - Ақмола облысында "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыруға кәсiпкерлер атсалысуда. Алғашқы болып Елбасы бастамасын iске асыруға "Родина" АФ ЖШС директоры И. Сауэр ниет бiлдiрдi. Ол аталған бағдарлама аясында құны 90 млн теӊгеге болатын 2 жобаны жүзеге асырмақ. Олардыӊ бiрi түрмыстық корпусқа күрделi жөндеу жасау арқылы мәдени-сауықтыру кешенiне айналдыру. Сондай-ақ дәрiгерлiк амбулаторияны қалпына келтiрiп, ел игiлiгiне ұсыну.

Бұдан басқа И. Сауэр мемелкеттiк-жеке серiктiстк аясында аудандық маӊызы бар жолдарды жөндеуге бағытталған екi жобаны өз қолына алды.

Еске сала кетейiк, И. Сауэр басқаратын "Родина" АФЖШС орналасқан ауыл облыстағы еӊ үлгiлi елдi-мекендердiӊ бiрi. Ауылдыӊ өз авиациясы бар, сонымен қатар хайуанаттар бағы, хоккей корты, мәдени орталығы, шiркеу салынған. Жақында тұрғын-үй мәселесiн шешу мақсатында 18 баспана пайдалануға берiлген. Қосымша айта кететiн жайт, ауыл тұрғындарына отыннан, көмiрден, шөптен қажеттiлiктi ЖШС есебiнен берiлiп отырады. Ал ҰОС ардагерлерi, 1-шi топтағы мүгедектер азық-түлiк пен шаштараз қызметiн 50 пайыздық жеӊiлдiкпен пайдаланады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны