24.02.2016, 11:02 4216

Түлкі терілерімен ұсталды

Бұл азаматтыӊ ұсталуына себеп болған нәрсе - ешқандай жөнелтпе құжаттарынсыз, автокөлігініӊ жүксалғышынан табылған 100 дана түлкі терілері

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - "Жағалау күзеті" өӊірлік басқармасына қарасты "Атырау" шекара отрядыныӊ "Құрманғазы авто" бақылау бөлімшесінде шекара наряды "Мерседес бенс" автокөлігімен өз еліне қайтып бара жатқан тағы бір 28 жастағы Ресей азаматын ұстады. Бұл азаматтыӊ ұсталуына себеп болған нәрсе - ешқандай жөнелтпе құжаттарынсыз, автокөлігініӊ жүксалғышынан табылған 100 дана түлкі терілері, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екі азамат та заӊсыз жүктерімен бірге Құрманғазы аудандық ішкі істер бөлімініӊ қызметкерлеріне тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны