31.07.2015, 18:16 7293

"Тұлпар-Тальго" жолаушыларына құрмет

Бүгін Астана қаласы темір жол вокзалыныӊ перронында флешмоб ұйымдастырылып, шағын концерт қойылды. "Тұлпар-Тальго" пойызыныӊ жас, өнерлі жолсеріктері өздерініӊ кәсби мерекесі - Көлік қызметкерлері күнін осылай ерекше атап өтуде

Астана. 31 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Астана қаласы темір жол вокзалыныӊ перронында флешмоб ұйымдастырылып, шағын концерт қойылды. "Тұлпар-Тальго" пойызыныӊ жас, өнерлі жолсеріктері өздерініӊ кәсби мерекесі - Көлік қызметкерлері күнін осылай ерекше атап өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жолаушыларға сапар алдында мерекелік көӊіл-күй сыйлағымыз келді. Өйткені олардыӊ ұлттық тасымалдаушы компанияға деген көзқарасы біздіӊ қызметімізге тікелей байланысты. Қазір пойыздарда сервистік қызметтіӊ деӊгейі заман талабына сай өсіп келеді. Түрлі жеӊілдіктер қарастырылған билеттер де қолжетімді", - дейді жолсеріктер.

Мерекелік шара барысында викторина өткізіліп, оныӊ жеӊімпаздарына бағалы сыйлықтар және "Тұлпар-Тальго" пойыздарына билет сатып алғанда 10 пайыздан 20 пайызға дейін жеӊілдіктерге беретін "Саяхатшы" дисконттық карталары табыс етілді.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны