22.01.2018, 21:51 4876

"Тұмар" Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысуға өтінімдер қабылдау басталды

18 қаӊтардан бастап II "Тұмар" Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысуға өтінімдер қабылдана бастады

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - 18 қаӊтардан бастап II "Тұмар" Ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысуға өтінімдер қабылдана бастады. Бұл туралы Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат және коммуникациялар министрлігі баспасөз қызметі хабарлайды.

Байқауға 2017 жылы эфирге шыққан бірегей теледидарлық жобалар қатыса алады. Жүлдеге ұлттық және аймақтық телевизиялық компаниялар, студиялар, продюсерлік орталықтар және теледидарлық контент шығаратын басқа да медиа-индустрия мекемелері үміткер бола алады.

Үміткерлердіӊ өтінімдері 1 - наурызға дейін қабылданады.

Биылғы жылы жеӊімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады: үздік деректі фильм, үздік телехикая, үздік әлеуметтік жоба, үздік ақпараттық бағдарлама, үздік аймақтық телеарна, үздік білім беру бағдарламасы, телевизиялық маусымныӊ үздік оқиғасы, "телевияға 60 жыл" - телевизия дамуына қосқан үлесі үшін және үздік ойын-сауық жобасы.

Сонымен қатар, үздік режиссерлік жұмысқа, үздік операторлық жоба үшін, жылджыӊ үздік тележүргізушісіне және үздік тележурналистке де арнайы жүлделер тағайындалған. Еліміздіӊ бас қаласы Астананыӊ 20-жылдық мерейтойына арналып, "Астана туралы үздік жоба" номинациясы бойынша жүлде беріледі.

Лауреаттарды ұсынылған материалдардыӊ сараптамалық қорытындылары негізінде жүргізілетін қазылар алқасыныӊ жабық түрде дауыс беруі анықтайды. Қазылар алқасы қазақстандық телевизияныӊ білікті мамандарынан құралады.

"Тұмар" ұлттық телевизиялық бәйгесі Қазақстан Республикасыныӊ Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан еліміздіӊ еӊ жоғары сапалы және заманауи теледидарлық мазмұнын анықтау, талантты мамандарды қолдау, отандық телевизия мазмұнын жетілдіруге және қазақстандық жоғары сапалы теледидарды дамытуға ынталандыру мақсатында құрылған.

Бәйге ұйымдастырушысы - "Қазмедиа орталығы" .

Толық ақпарат арнайы сайтта: http://tumar.kz

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны