09.03.2016, 11:18 3847

Тұӊғыш рет жаӊа темір жол желісі бойынша "Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда" пойызы шығады

2016 жылдыӊ 15 наурызында көпшіліктіӊ сұранысын қанағаттандыру және жолаушыларға деген қызмет сапасын мақсатында "Қазақстан темір жолы" АҚ "Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда" бағытында жаӊа пойыз шығармақ

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ 15 наурызында көпшіліктіӊ сұранысын қанағаттандыру және жолаушыларға деген қызмет сапасын мақсатында "Қазақстан темір жолы" АҚ "Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда" бағытында жаӊа пойыз шығармақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Пойыз тұӊғыш рет жаӊа темір жол желісімен: Жезқазған -Қарсакпай-Байқоныр-Коктал-Коскөл-Қарашеген-Абай-Сексеуіл әрі қарай Арал-Қазалы арқылы Қызылордаға дейін қатынайтын болады.

40-тан астам елді мекендерді қамтитын бұл бағыт "Нұрлы жол" бағдарламасы аясындағы әлеуметтік маӊызды жоба болып табылады.

"Бұған дейін біздіӊ тұрғындар еліміздіӊ оӊтүстігіне бару үшін Қарағанды арқылы қатынап, канша уақыты мен қаржысын шығындайтын. Енді міне, төте жол салынып халық жол азабын тарпайтын болды. ҚТЖ компаниясына ризашылығымызды білдіре отырып, жаӊа жол аймаққа жаӊа серпін береді деп сенеміз"- дейді Жезқазған қаласыныӊ әкімі Батырлан Ахметов.

Пойыз Жезқазғаннан 19 сағ. 12 минутта шығып, Қызылордаға келесі күні 19 сағ. 53 мин. келеді.

Қосымша сұрақтар бойынша темір жол вокзалдарыныӊ кассаларына немесе 105 бірегей анықтама қызметіне телефон шалуға болады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны