17.01.2017, 19:50 4738

Тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелу енді eGov.kz арқылы онлайн түрде қолжетімді

"Ол қызметті пайдалану үшін, тұрғын үй иесі мен онда тіркелу ниетін білдірген азаматта электрондық цифрлық қолтаӊба (ЭЦҚ) болуы және порталда авторизациядан өтуі қажет.

Астана. 17 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгінгі күні Қазақстанныӊ электрондық үкіметі порталында eGov.kz азаматтардыӊ тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркелу қызметі қолжетімді болды,- деп хабарлайды "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі.

"Ол қызметті пайдалану үшін, тұрғын үй иесі мен онда тіркелу ниетін білдірген азаматта электрондық цифрлық қолтаӊба (ЭЦҚ) болуы және порталда авторизациядан өтуі қажет.

Қызметтіӊ өзі "Азаматтық, миграция және иммиграция" бөлімінде, "Халықты тіркеу және тіркеу есебінен алып тастау" қосымша парағында қолжетімді",-деп хабарлайды мекеме.

"Онлайн қызметіне тапсырыс беру" түймешігін басқаннан кейін, өтініш беруші ұсынылған нысанды толтырады, онда тіркелуге ниетті тұрғын үйдіӊ меншік иесі болып табылатынын/табылмайтынын көрсетуі тиіс.

Егер де өтініш беруші -жылжымайтын мүлік иесі болса, ол мекенжайды, тіркелу мерзімін (1 айдан 12 айға дейін) көрсетуі тиіс, сонан соӊ онлайн түрде көрсетілген қызмет үшін мемлекеттік бажды төлеп және ЭЦҚ өтінімге қол қоюы тиіс.

Тұрғын үйдіӊ меншік иесі үшінші тарап болған жағдайда, өтініш беруші меншік иесініӊ ЖСН-ын, жылжымайтын мүліктіӊ мекенжайын, уақытша тіркелудіӊ мерзімін көрсетуі және меншік иесініӊ жеке кабинетіне келіп түсетін сұрау салуды жіберуі қажет. Егер де тұрғын үйдіӊ бірнеше меншік иесі болса, олардыӊ біреуініӊ ғана деректерін көрсету жеткілікті, қалғандары жүйемен ҚР "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры арқылы автоматты түрде анықталатын болады. Меншік иесі (біреу немесе бірнешеуі) өзініӊ келісімін ЭЦҚ арқылы растайды, одан соӊ өтінім тіркелуге ниетті азаматтыӊ Жеке кабинетіне оралып келеді. Оған мемлекеттік баж төлемін онлайн түрде жүргізіп және де өзініӊ сұрау салуына ЭЦҚ қол қоюы қажет.

Осыдан кейін, өтінім ҚР ІІМ жүйесіне түседі, оныӊ өӊделуіне 10 минуттан аса емес уақыт кетеді. Өӊделіп болған соӊ, порталда "Уақытша мекенжайдыӊ тіркелуі сәтті түрде өтті" деген мәребе көрсетіледі. Мекенжай анықтамасын ала отырып, уақытша тіркелу мекенжайын тексеруге болады.

eGov.kz порталында уақытша тіркелу қызметі арқылы балаларды тіркеуге болмайтынын атап өтеміз. Оларды тіркеу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" (ХҚКО) мемлекеттік корпорациясыныӊ бөлімдеріне жүгіну қажет.

eGov.kz немесе ХҚКО арқылы уақытша тіркелу жөніндегі барлық сұрақтар бойынша азаматтар тегін тәулік бойы жұмыс істейтін Бірыӊғай байланыс орталығыныӊ 1414 нөміріне қоӊырау шала алады. Барынша сапалы және жылдам қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында, Бірыӊғай байланыс орталығында ағымдағы жылдыӊ басынан бері операторлар саны көбейтіліп, олардыӊ жұмыс кестесі қайта қаралды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны