01.06.2016, 10:10 3818

Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі өтемақы төлеуге қосымша келісімге қол қою мерзімін 1 шілдеге дейін ұзартты

"2016 жылдыӊ 31 мамырыныӊ операциялық күні аяқталғандағы жағдай бойынша, өтемақы төленуі тиіс 452 069 салымныӊ 160 765 салымы бойынша қосымша келісімге қол қойылмаған. Осыған орай, директорлар кеӊесініӊ шешімімен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ағымдағы жылдыӊ 1 шілдесіне дейін қосымша келісімге қол қою мерзімініӊ ұзартылғанын жариялайды", - делінген банк хабарламасында

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі өтемақы төлеуге қосымша келісімге қол қою мерзімін 2016 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартатынын жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2016 жылдыӊ 31 мамырыныӊ операциялық күні аяқталғандағы жағдай бойынша, өтемақы төленуі тиіс 452 069 салымныӊ 160 765 салымы бойынша қосымша келісімге қол қойылмаған. Осыған орай, директорлар кеӊесініӊ шешімімен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ағымдағы жылдыӊ 1 шілдесіне дейін қосымша келісімге қол қою мерзімініӊ ұзартылғанын жариялайды", - делінген банк хабарламасында, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Сонымен қатар, көбінде сомасы 1 млн теӊгеден аспайтын депозиттер бойынша келісімдерге қол қойылмаған. Банкте мұндай 150 248 салым бар.

Сондай-ақ, жинақ сомасы 1 млн теӊгеден асатын 10 518 депозиттіӊ иесі Банкке хабарласпаған.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ хабарлауынша, өтемақы бюджет қаражаты мен банктіӊ табысы есебінен екі транш арқылы төленеді. Өтемақы көлемі 35,5% болады. 2016 жылы - 19,2%, 2017 жылы 16,3% өтемақы төленеді.

Қосымша келісімге қол қою үшін салымшылар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ кез-келген жақын маӊдағы бөлімшесіне хабарласа алады. Сондай-ақ электронды-сандық қолтаӊбаны пайдала отырып, www.egov.kz порталында немесе банктіӊ www.hcsbk.kz ресми сайтында, онлайн режимде қосымша келісімге қол қоюға болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны