15.04.2008, 19:22 3246

Түрікменстан президенті министрлер кабинетінде ауыс-түйістер жасады

Түрікменстан президенті министрлер кабинетінде ауыс-түйістер жасады

Ашхабад. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов министрлер кабинетінде ауыс-түйістер жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Бейтарап Түркіменстан" газетіне сілтеме жасай отырып.

Министрлер кабинетінің 14 сәуір күні болған кеңейтілген отырысы барысында Г. Бердімұхамедов бірқатар кадрлық өзгерістер жасады. Атап айтқанда, қаржы министрі қызметінен Ходжамұрат Гелдімұратов босатылды. Ол Түрікменстанның Министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары болып тағайындалды және үкіметтің экономикалық шаруаларымен айналысатын болады.

Көлік және байланыс салаларын жауаптанған Құрбанназар Ишіров жұмысында жіберілген өрескел қателіктері үшін Министрлер кабинеті төрағасының орынбасарлығынан босатылды. Бұл салаларды уақытша вице-премьер Назарқұлы Шакулиев басқаратын болады. "Жұмысында жіберілген өрескел қателіктері үшін Түрікменстанның Орталық банкінің басқарма төрағысы қызметінен Гелдімұрат Ибілов босатылды. Президент бұл қызметке Гуванчмұрат Гекленовты тағайындады. Ол бұрын елдің сыртқы экономикалық қызметін жауаптанған Мемлекеттік банктің басқарма төрағасы болып жұмыс істеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны