15.05.2008, 10:53 1329

Түрікменстан президенті Изербайжанға барады

Түрікменстан президенті Изербайжанға барады

Ашхабад. 15 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 19-20 мамырда Изербайжанға ресми сапармен барады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Түрікменстан президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сапар барысында екі ел арасындағы қатынастардың бірқатар даму мәселелерін талқылау жоспарланып отыр. Оның ішінде, Түрікменстан - Изербайжан - Түркия - Еуропа Транскаспий газ құбыры да бар.

Келіссөздерде президенттер Гурбангулы Бердімұхамедов пен Ильхам Алиев энергетикалық саладағы ынтымақтастықтың шарттарын талқылайды. Мәселе мұнай-газ саласының бірлескен барлау жұмыстарын өткізу жайлы, сондай-ақ, Түрікменстан мен Изербайжанның теңіз кеніштерінің инфрақұрылымын біріктіру туралы болмақ.

Екі жақ Каспий теңізінде екі елдің мұнай-газ құбырларын түйістіру мәселесін талқылаулары мүмкін. Егер бұл жоба жүзеге асырыла қалса, Түрікменстанға Изербайжан - Грузия - Түркия бағытымен Еуропаға газ тасымалдауға мүмкіндік тумақ.

Сонымен қатар, түркімен-әзербайжан комиссиясы су астындағы кабельмен екі елді байланыстыру мәселесін талқыға салмақ. Ол кабельмен электр энергиясының тасымалы жүзеге асырылуы ықтимал. Бұл осы мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруда айтарлықтай орынға ие болары сөзсіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны