03.12.2013, 19:00 3041

Туризм индустриясы комитеті Египетте жүрген Қазақстан азаматтарына курорттық аймақ сыртына шығудан бас тартуға кеңес береді

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Египетте жүрген Қазақстан азаматтарына абайлық танытып, курорттық аймақ сыртына, оның ішінде терроризмнің байқалу қаупі бар және әлеуметтік шиеленісі жоғары қалалар мен аудандарға сапар шегуден бас тартуға кеңес береді.

Алматы. 03 желтоқсан. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің хабарлауынша, кейінгі кезде Египеттегі жағдай тұрақтанып келе жатыр. Төтенше жағдайлар мен комендант сағаты тоқтатылды. Қызыл теңіз жағалауларындағы курорттық аймақтарда египет билігі қажетті қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп жатыр.

Министрліктің хабарлауынша, сонымен қатар, Каирды қоса есептегенде ірі қалаларда жағдай қиындау. Құқықтық тәртіп күштері мен манифестердің қақтығыстары шығуда.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Египетте жүрген Қазақстан азаматтарына абайлық танытып, курорттық аймақ сыртына, оның ішінде терроризмнің байқалу қаупі бар және әлеуметтік шиеленісі жоғары қалалар мен аудандарға сапар шегуден бас тартуға кеңес береді.

ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті Қазақстандық туроператорлары мен турагенттеріне: Қазақстан Республикасының СІМ мен ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің Египеттегі жағдайы жайлы ақпараттарын әрдайым мұқият қадағалауға; Египетке туристік өнімді жүзеге асыру туралы келісім-шарт жасаған және/немесе жасауды жоспарлап жатқан Қазақстан туристеріне өңірдегі ағымдық жағдай туралы, уақытша болатын (трансфер) елдерге (орында) туристерді тасымалдау жағдайлары жайлы және т.б.міндетті түрде ақпар беруге; Египетте жүрген Қазақстандық туристердің жеке қауіпсіздіктері үшін барлық қажетті шараларын қолдануға кеңес береді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны